Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
10
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Көршілерінің ыңырсыған даусынан шаршаған Астаналық келіншек шағым айтты

199

Бірнеше жыл бұрын ажырасқанын алға тартқан 35 жастағы астаналдық келіншек, мұндай ыңырсыған дыбыстар оның өміріне кедергі келтіретінін жасырмады.

“Қасымда сүйіктім болса, түнде қанша айқайласа да үндемес едім. Жұқа қабырғалар әбден мезі етті. Олардың дауысын естіген мен де төсек қатынасын қалаймын. Бір жағынан, өзге пәтерлерде кішкентай балалар бар емес пе? Бірінші қабатта біреу түшкірсе, бесінші қабатта “сау бол” айтып жатады”, – деп шағымданды шаршаған келіншек.

Мұндай қиындықтарға өзге  тап болғанын тұрғындар да жарыса жазуда, олар үйді салған құрылыс компаниясына ашулы екенін жасырмайды.

“Бүгін “будильникті” сағат таңғы сегізге қойсам да жетіде шырылдады. Сөйтсем, мені өзімдікі емес, көршінің “будильнигі” оятыпты . Соның салдарынан, ұйқымнан бір сағатқа тұрдым”, – дейді Instagram желісінде Малика Уәлиева есімді тұрғын.

“Біресе, төбедегі балалар ұрсысады, біресе, әже теледидар қосады, біресе, астымдағы пәтердегі бала ауырып, түні бойы жөтеліп шығады. Астанада эконом-санаттағы пәтерді жалға алған деген осы – осыны да 21 ғасырдың үйі, дейді ғой”, – деп күйінеді Лариса Красикова есімді Facebook қолданушысы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз