Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Коронавирустың тарауы дінмен байланыстырылды

4269
© Синхуа агенттігі

Індеттің таралуына Синчхончжи діни қозғалысының шіркеуі себепкер болған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының (KCDC) ұйымының мәліметінше жұқтырғандардың жалпы саны 602-ге жеткен. Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин эпидемиологиялық қауіп-қатердің ең жоғары, “қызыл” деңгейін жариялады.

KCDC мәліметтері бойынша, жаңа жағдайлардың 24-і Тэгу қаласында, қалғандары – бүкіл ел бойынша түрлі аудандарда табылған. Бес науқас қайтыс болып, 18-і жазылып, 8 057 адамның сынамасы әлі зерттеуде.

Анықталғандай, 20 адамның зақымдануы Тэгудағы Синчхончжи діни қозғалысының шіркеуімен байланысты болып отыр. 61 жастағы оңтүстіккореялық азамат Синчхончжи культінің Иса Мәсіхтің келуі шіркеуіне барып, байқамай қалалықтарға жұқтырған.

Осыған байланысты, жергілікті билік сектаға сенуші 9 336 адамды карантинге үйге орналастырды, олардың 1 276-ынан вирустың белгілері байқалған, 604 адаммен байланысу мүмкін болмаған.

Қазіргі уақытта коронавирустың жаңа түрін жұқтырудың 329 жағдайы сектамен байланысты болып отыр

Ренхап агенттігінің хабарына қарағанда,

Синчхончжи діни жоралғылары коронавирустың таралуын күшейтіп жіберген, өйткені қызмет көрсетушілер бір-біріне тізерлеп жақын отырып, бір-біріне иығын құшақтап ән айтады

Синчхончжи сектасы Уханда ашылғандығы туралы жергілікті БАҚ жарыса жазып жатыр. Індетке қарсы күрес жөніндегі орталық штабтың басшысы Чон Ын Ген жұма күні өткен брифингте карантин қызметтері Тэгудағы Синчхончжи шіркеуіндегі адамдардың шетелдік филиалдардың, әсіресе вирус пайда болған Қытайдағы Хубей провинциясындағы келушілермен байланысы болғанын тексеретінін мәлімдеді.

Атауы “жаңа аспан мен жер” деп аударылатын Синчхончжи діни ағымының негізін 1984 жылы Пастор Ли Ман Хи қалаған. Сектаның ізбасарлары оның негізін қалаушы Иса Мәсіхтің жерге екінші келуінің көрінісі деп сенеді. Әлем бойынша табынушыларының саны 200 мыңға жуық.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз