Ғалым коронавирустың әлсірегендігінің белгілері бар екенін және пандемия жақында жойылуы мүмкін екенін айтты.
Бұған дейін ғалым коронавирус иммундық қорғанысты жеңу қабілетін дамытады деп болжаған болатын. Оның айтуынша, бұл вирустың ауру тудыратын қасиеттерін жоғалту арқылы орын алады, яғни оны жұқтырғанда ауру жеңіл өтеді.
“Оңтүстік Африка дәрігерлерінің айтуынша, Омикрон шынымен де иммундық қорғанысты жеңе алады, бұл бұрын ауырған және тіпті вакцина алған адамдарға да жұғады. Алайда, қазір бәрі дельта штамм және коронавирустың алдыңғы нұсқаларынан туындаған ауруға қарағанда әлдеқайда оңайырақ өтеді”, – деп жазды ғалым Facebook-те.
Алмаз Шарман Омикрон жұқтырғанда жасанды оттегімен тыныстандыру өте сирек қажет болады деп санайды. Сонымен қатар, бұл штаммды жұқтырғандар арасындағы өлім-жітім бұрынғыға қарағанда едәуір төмен.
“Менің ойымша, мұның бәрі коронавирустың эволюциясының күтілетін заңдылықтарын көрсетеді, ол бар болу және адаммен бірге өмір сүру үшін селективті іріктеуден өтеді. Нәтижесі вакциналарға белгілі бір төзімділікті қалыптастыру, сонымен бірге коронавирустың ауру тудыратын қасиеттерін жою болып табылады”, – дейді ол.
Оның айтуынша, бұл пандемияның жойылуының және COVID-19-дың біртіндеп эндемиялық инфекцияға айналуының алғашқы белгісі.