Британдық ғалымдардың төрт айлық зерттеулері гидрокортизонның коронавирус инфекциясымен ауыратын науқастардың жағдайын жақсартудағы тиімділігін көрсетті.
«Қазір бізде емдеудің бірнеше нұсқасы бар. Стероидтар дәрі емес, бірақ олар нәтижелерді жақсартуға көмектеседі», —
деп атап өтті зерттеу жетекшісі профессор Энтони Гордон.
Айтпақшы, 374 пациенттің қатысуымен жүргізілген тағы бір британдық зерттеу гидрокортизонды қолдану коронавирустық инфекциядан болатын өлімнің 31% төмендетенін көрсетті. Басқа стероидты дексаметазон препараты 1 282 пациенттен тұратын топта өлім-жітім көрсеткішін 36%-ға төмендегенін көрсетті.