Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-10
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Коронавирусқа қарағанда оның әлеуметтік салдары қауіптірек болуы мүмкін — сарапшы

298
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі

Осы себепті де Ашхабат оларда ауру жұқтырғандар жоқ деп отырған шығар. Жалпы алғанда аймақтардағы жағдай әртүрлі.

Біздікілер қауіпті уақытылы бағалай білді

— Болат Қылышбайұлы, қалай ойлайсыз, Орталық Азиядағы пандемия ары қарай тарала бере ме?

— Аймақтағы вирусқа қатысты жағдай көпшілікті алаңдатып отыр. Қазіргі таңда  ресми деректер бойынша Орталық Азияда 70 млн астам адам тұрады. Соның ішінде

бізге вирустың Ресей аумағында таралуы және оның салдары жағымсыз әсер етуі мүмкін

2019 жылы ғана Орталық Азиядан Ресейге  4,5 млн мигрант жұмыс істеуге барған.

Сарапшылардың мәліметтері бойынша әсіресе Тәжікстан мен Қырғызстан үшін мигранттар аударатын ақша экономикалық және әлеуметтік өмірге ұлкен қолдау болған. Ендігі жерде олар Ресейдегі жұмыстарынан айырылып, үйлеріне қайтуға мәжбүр — бұл ұлттық экономикаға ауыр соққы болуы мүмкін.

Жағдайдың бұлай өрбуі республикалардағы проблемаларын ашып көрсетті. Оларды үш топқа бөліп қарастыруға болады.

Коронавируспен күресте Италия 4 қателік жіберді: бұдан қандай сабақ алуымыз керек?

Бірінші топ – Қазақстан мен Өзбекстан. Бұл аймақтағы әл-ауқаты жақсырақ елдер. Олар алғашқы вирус жұқтырғандар анықталғаннан кейін бірден оның одан ары таралуының алдын алу бойынша нақты шараларға кірісіп кетті.

Көршілерімізге қарағанда Қазақстан инфекция қаупін дер кезінде бағалап, бірқатар шаралар қабылданды. 15 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Құжат, атап айтқанда, елдің ірі қалаларында карантиндік режим жариялауды қарастырады.

31 наурыз күні ел басшысы азаматтар мен бизнесті қолдау шаралары туралы мәлімдеме жасады,

Соның ішінде зейнатақы мен мемлекеттік жәрдемақыларды индекстеу, соның ішінде атаулы әлеуметтік көмек беру үшін 200 млрд теңге қаржы бөлді

Жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға ай сайынғы әлеуметтік төлем енгізіледі, 800 мың мүгедек, мүгедек балалар мен жұмыссыздарға тегін азық-түлік-тұрмыстық жиынтық беріледі. Шағын және орта бизнесті қолдау бойынша нақты шаралар қабылданды, олар салықтық преференциялар, кредиттер бойынша төлемдерді кейінге қалдыру және қайта құрылымдау және тағы басқалар.

Дос қайғыда танылады

— Біздің жүргізіп жатқан күресіміз қаншалықты нәтижелі болуда?

— Вирустың таралуын болдырмау, сондай-ақ шағын және орта бизнесті қолдау, халықты әлеуметтік қорғау бойынша дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыру жөніндегі практикалық іс-әрекеттер шетелде жоғары бағаға ие болды. Бұл туралы, атап айтқанда, 2 сәуірде Токаевпен телефон арқылы сөйлескен Еуропалық Кеңестің президенті Шарль Мишель мәлімдеді.

Алайда  2020 жылдың 3 сәуіріндегі жағдай бойынша Қазақстанда вирус жұқтырғандардың саны 445 адамға жетті.

Бұндай қиын кезеңде вирус тек мемлекеттер мен ондағы халықты ғана емес, сонымен қатар барлығының шыдамдалағы мен беріктігі сынға алады. Дәл осындай дағдарыс жағдайында “досың қайғыда танылады” деген қарапайым ақиқаттың мәнін түсінесің.

Қазақстан Ресеймен және Қытаймен COVID-19 қарсы әрекет бойынша ынтымақтасты. Ресей қазірдің өзінде Қазақстанға 40 мың тест-жүйе жиынтығын ұсынды. Владимир Путин 20 наурызда Тоқаевпен телефон арқылы сөйлескен кезде Ресейдің Қазақстанға гуманитарлық көмек ретінде тест-жүйелердің қосымша жиынтығын ұсынуға дайын екендігі туралы хабарлады.

Си Цзиньпин 24 наурызда телефон арқылы Қытайдың медициналық бұйымдар жіберіп, гуманитарлық көмек көрсетуге әзір екенін айтты.

Алматыға Қытайдан гуманитарлық көмек келді

2 сәуір күні таңертең Алматы әуежайына ұшақ Қытайдан жіберілген гуманитарлық көмектің алғашқы партиясы келіп жетті. Онда тепловизорлар, тест жиынтығы, медициналық бахилалар, қолғаптар мен қорғаныс көзілдіріктері де бар.  Жақын арада тағы бір партия келеді деп күтіледі.

Еуразиялық экономикалық одақта 3 сәуірде “Жасыл дәліз” құру туралы шешім қабылданды. Аса маңызды тауарларды  кедендік рәсімдеу талаптары жеңілдететін болады. Бұған жеке қорғаныс құралдары, оларды өндіруге арналған шикізат, вакциналар, диагностикаға арналған жинақтар жатады.

10 сәуірде Еуразиялық үкіметаралық кеңес пандемия жағдайында экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды қарастырады.

2020 жылғы 2 сәуірдегі жағдай бойынша Өзбекстанда  ауру жұқтырғандардың саны 190 адамды құраған,

Шавкат Мирзиеев әзірге төтенше жағдай режимін енгізуді жоспарлап отырған жоқ,

бірақ бірқатар шектеу шаралары қабылдануда. Мысалы, 30 наурыздан бастап 20 сәуірге дейін азаматтарға жеке автокөлікті пайдалануға тыйым салынады.

Біреулер байбалам салса, басқалары үндемей отыр

Өзінің тарихында бірнеше «түрлі-түсті» революцияны бастан кешіріп, тақтан түсірілген, қуылған және қамалған президентердің саны жағынан көшбасшылық орынға жайғасқан Қырғызстанды қандай топқа жатқызуға болады?

Қырғызстанда 2 сәуірдегі жағдай бойынша 116 адам вирус жұқтырған. Бішкек, Ош, Жалал-Абад, сондай-ақ бірқатар аудандарда төтенше жағдай және коменданттық сағат енгізілген.

Қырғызстан өз көршілерінен гуманитарлық көмек сұрады. 2 сәуірде Өзбекстаннан Омбы облысына 1 мың тонна ұн, 7 мың медициналық қорғау костюмдері, 20 мың қолғап, 500 қорғаныш көзілдірік, 2 мың тест-жүйе және т. б. жеткізілді.

Үшінші топқа бірақ уақыт ел билеген президенттері бар, сондай-ақ қауіп-қатер туралы жақ ашпай отырған  Тәжікстан мен Түркіменстанды жатқызуға болады.

Бұл республикалар ресми түрде бізде коронавирус жоқ деп жариялап отыр

Бірақ азаматтар бұл қаншалықты шындыққа жарасады деп болжам жасауда. Сондай-ақ үкімет құрылымдары қандай шектеу шараларын қабылдағанын да білмейді

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 2020 жылдың 1 сәуіріне дейін Тәжікстанның Қарулы күштерінің қатарына шақыру турады жарлық шығарды.

Орталық Азиядағы коронавирус: көршілеріміз қалай күресуде?

1 сәуірден бастап көктемгі демалыстан кейін 2 млн бала оқитын 3 800 жеке меншік және мемлекеттік орта оқу орындарында сабақ қайта басталды.

Сонымен қатар, 21 наурызда Тәжікстанның барлық қалалары мен елді мекендерінде Наурыз мерекесіне орай көпшілік серуен өтті. Көктем мерекесіне орай 24 наурыз күні картоп пен атласқа арналған мерекелік іс-шаралар өтті.

Маскалар — ел арасында «дүрбелең тудырады»

Түрікменстанда да жағдай да осыған ұқсас болып отыр. Бейресми БАҚ өкілдерінің ақпараты бойынша, Ашхабадта азаматтарды COVID-19 туралы айтқаны үшін қамауға алады. Бұған дейін Түрікменстанда медициналық маска киюге тыйым салынған. Бұл ел арасында «дүрбелең тудырады» деп бағаланды.

Ел президенті Гурбангулы Бердімұхаммедов Үкімет отырысын өткізіп, онда 20 сәуірде Ұлттық мереке — түркімен атшабарларының күніне дайындалып, өткізуді талқылады.

Сарапшылар Душанбе мен Ашхабад ұстанымдарын карантиндік іс-шаралар енгізілген жағдайда

көршілер жасаған сияқты ШОБ кәсіпорындары мен құрылымдарының көпшілігінің жұмысын тоқтата тұруға тура келетінін түсіндіреді

Ал бұл жұмыссыздықтың өсуіне, демек,

наразылық көңіл-күй мен оның ақыр аяғы әлеуметтік күйзеліске алып келеді

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз