Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Коронавирус туралы ең жиі қойылатын 8 сұрақ

281
Сурет: Слово и дело

1. Неліктен коронавирус жұқтырғаны расталса да стационарға жатқызбайды?

Стационарға симптомсыз (ешқандай белгілер жоқ) және жеңіл белгілері бар (температурасы 38 градусқа дейін көтерілген, тамағының қызарып, жыбырлайтын, мұрны бітеліп, аздаған жөтелі бар) науқастар жатқызылмайды. Олар үйде қалып,  дәрігерлердің бақылауында болады. Ол үшін 103 колл-орталығына немесе өз емханасына қоңырау шалу қажет.

2. Стационарлық емдеуге кім жатқызылады?

Коронавирус жұқтырған, жағдайы орташа және ауыр  (температурасы 38 градустан жоғары, ентігу, жалпы әлсіздік байқалып, пневмониясы бар) науқастар.

3. «Жедел жәрдем» келмесе не істеу керек?

103 нөмеріне қоңырау шалып, дәрігерлер кеңес беретін байланыс орталығына қосуын сұраңыз.

4. Кімдер тест тапсыру керек?

Тесттерді ЖРВИ белгілері (температура, жөтел, тамағы жыбырлау, дененің қалтырауы, әлсіздік, өкпедегі жайсыздық, ентігу) байқалған кезде және вирус жұқтырған адамдармен жақын байланысқа түскенде ғана тапсыру керек. 103 немесе 1406 нөмерлеріне хабарласыңыздар.

5. Кімдер  тегін ПТР-ді  тапсыра алады?

ЖРВИ/КВИ белгілері бар және вирус жұқтырған адамдармен жақын байланыста болғандар тестілеуден тегін өте алады.

6. Ауру белгілері байқалған және тест нәтижесі бойынша  коронавирус инфекциясын жұқтырғаны расталған адамдарды ауруханаға жатқызбауы мүмкін бе?

Иә, аурудың жеңіл немесе белгілері анықталмаған жағдайда. Олар үйде қалып, дәрігерлердің бақылауында болады. Сондай-ақ қосымша факторлардың болмауы (өкпенің зақымдануы, созылмалы аурулар, жасы және т.б.) ескеріледі.

7. Жалпы санитарлық нормалар (бетперде тағу, қолғап кию, санитайзерді қолданып, қашықтықты сақтау) көмектеседі ме?

Иә, бұл нормалар міндетті түрде сақталуы тиіс!

8. Ауруханалар үнемі бір-біріне сілтеген жағдайда не істеу керек? КВИ анықталған науқас нақты қайда ем алуы керек?

КВИ жұқтырған науқастар қажет болған жағдайда инфекциялық стационарда ем алады. Олар тіркелген емхана дәрігері ауру белгілерін анықтайды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз