Нұр-Сұлтан
Қазір
-9
Ертең
-4
USD
488
0.00
EUR
533
0.00
RUB
5.09
0.00

Коронавирус пандемиясымен күрестегі Қазақстанның рөлі және халықаралық құқық

310
Сурет: Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының баспасөз қызметі

Ал жазылып шыққандардың саны 837 мыңға жетті, яғни, ауырғандардың 29%  құрайды. Мемлекет пандемиямен күресте өз бетімен де, басқалармен бірлесіп те әрекет етіп жатыр. Ал сарапшылар болса «коронавирустан кейінгі өмір» туралы болжам жасауда.

ҚМЭБИ Университетіндегі Құқық мектебінің қауымдастырылған профессоры Сергей Саяпин (суретте) пандемияға қарсы күреске қатысты халықаралық құқықтың кейбір аспектілерін талдады.

Енгізілген шектеу шаралары заңға негізделген

Қазақстанда енгізілген шараларының (жүріп-тұруға, қозғалысқа, кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысына, бизнес қызметіне, көліктерге және т.б.) б заңды күші бар.

Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық келісімнің 4 бабында ұлт өміріне қауіп төнген төтенше жағдай кезінде

мемлекет Келісімде көрсетілген міндеттерінен ауытқып, қажетті шараларды қабылдай алады делінген

Мұндай шаралар халықаралық құқық бойынша мемлекеттің басқа да міндеттемелерін бұзбай, нәсіліне, түсіне, жынысына, тіліне, дініне және әлеуметтік тобына қарай кемсітушілікке алып келмеуі керек.

Келісімде өмір сүру құқығы, азаптауларға, құлдыққа тыйым салу, заңды қорғау құқығы және басқалары ешбір жағдайда шектеуге болдмайды делінген. Шектеу шаралары эпидемиологиялық жағдайдың күрделілігіне сәйкес келуі үшін үнемі қайта қарастырылып отырылуы қажет.

Қазақстан «Төтенше жағдай туралы» Заңның негізінде әрекет етеді және  Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық келісімнің 4 бабында көрсетілген ережелерді сақтап отыр. Төтенше жағдай белгілі бір мерзімге енгізілді. Қазақстан Президентінің 2020 жылдың 15 наурызындағы  «Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы» жарлығында  шектеу шараларының толық тізімі жарияланды. Олар Қазақстан Республикасында өмір сүретін барлық адамға қатысты.

Төтенше жағдайға байланысты енгізілген шектеулер ең алдымен адамның өмір сүру құқығын қамтамсыз етуге бағытталған

Қазақстан өзінің әрекеттерін басқа мемлекеттердің, тиісті халықаралық ұйымдардың, соның ішінде Дүниежүзілік денсаудық сақтау ұйымының (ДДҰ), Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) және халықаралық қаржы институттарының әрекеттеріне сәйкес үйлестіреді. Яғни Қазақстан заңды тұрғыдан дұрыс жұмыс атқаруда.

Мемлекет жетекші рөл атқарып келді, ары қарай да солай болады

РФ сыртқы істер министрі Сергей Лавров жақында берген сұхбатында «ұлттық мемлекеттердің рөлінің жоғарылағанын», сондай-ақ «ұлттық мемлекеттер азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету рөлін ең алдымен өздеріне қалдыратынын» айтты. Шындығына келгенде, жағдай солай болып отыр.  Қазірдің өзінде

халықаралық институттар емес, мемлекет азаматтарының қауіпсіздігін, халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде аса маңызды рөл атқарады

Сондықтан халықаралық ұйымдар емес, мемлекет негізгі халықаралық құқық субъектісі, ол халықаралық саясатты қалыптастырады. Халықаралық ұйымдар — мемлекеттердің қолындағы құралы және ол белгілі бір мемлекеттер ұсынған өкілеттілік аясында әрекет етеді.

 Қауіп қана емес…

Қазақстан үшін де, басқа мемлекеттер үшін де пандемия қауіп қана емес, сонымен қатар үлкен мүмкіндік. Әлемде мұнай бағасы күрт құлдырағандықтан, экономиканы басқа салаларға қайта бағдарлау мүмкіндігі. Онлайн-білім беруді дамыту мүмкіндігі. Бірақ студент пен оқытушының тікелей өзара жұмыс істеуін қажет ететін құқықтану немесе медицина секілді салаларда онлайн-білім берудің соңына түсіп кетуге болмайтынын түсіну керек. Бұл медицинаны, медициналық қызметкерлерді тиісті материалдық қормен қамтамасыз етіп,  медициналық білім беру сапасын арттыратын мүмкіндік.

Пандемияның нәтижесінде медициналық кәсіптердің мәртебесін арттыру, ұлттық және халықаралық қауіпсіздіктің стратегиялық саласы ретінде қоғамдық денсаулық сақтауды мемлекеттік қаржыландыруды жақсартады деп үміттенеміз

Бұл әлеуметтік қызметтер мен еріктілер қозғалысын дамыту мүмкіндігі. Құқық қорғау қызметінің сапасын арттыру және құқық қорғау органдарына адамдардың сенімін қалыптастыру мүмкіндігі.

Егер коронавирус инфекциясын жоғарыда аталған және басқа да басым салаларда батыл шешімдер қабылдау мүмкіндігі ретінде қарастыратын болсақ, мемлекет күрделі, бірақ қажетті сабақ алды деп айтуға болады. Халықаралық құқық пен халықаралық институттар бұл процесте ынтымақтастық, сенім және мамандардың және технологиялардың тәжірибесімен алмасу үшін қажет.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз