Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-10
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

«Коронавирус» деп айтуға — болмайды, бірақ Аркадагты мақтауға рұқсат. Түркіменстан хабарлары

585
Түркіменстандағы веложарыс

Түркіменстанда медицианалық қызметкерлердің де, қарапайым азаматтардың да коронавирус туралы айтуына тыйым салынуда. Енді осы аураға тән белгілерді де айтуға,

сондай-ақ құжаттарда, қаза болғандарды тіркеу барысында коронавирустың белгілерін жазуға болмайды

Тек ауруханаларда ғана емес, сонымен қатар мектептерде де, басқа да мекемелерде жиналыстар өткізіледі. Олардан «патриоттық танытуды» талап етуде.

— Қалалық білім беру басқармасы мектеп директорлары мен меңгерушілерінің басын қосып,  жиналыс ұйымдастырады. Әр жиналыста санитарлық нормалар мен тазалықты сақтау, патриоттық таныту, Аркадагка  адалдықты көрсету қажет екенін еске салады. «Артық сөйлеудің қажеті жоқ» деп ескертеді.

Топ болып жиналуға, кафелер мен ресторандарға баруға және азық-түлік алу үшін кезекке тұруға болмайды»

— ден хабарлады ел астанасы.

Жергілікті БАҚ тіпті басқа елдердегі пандемия туралы да жаза бермейді. Дегенмен, қандай да бір алдын алу шаралары жүргізіледі. Мысалы, ел ішінде жүріп-тұруға шектеу қойды. Алайда адамдар көп жиналатын мерекелік іс-шаралар жалғасуда. Мысалы, 3 маусымда Бүкіләлемдік велосипед күніне орай Ашхабадта жаппай веложарыс өтті. Мемлекеттік теледидар оған 7,5 мың адам қатысқанын мәлімдеген. Ал бүкіл үдерісті Бердымұхамедовтың өзі басқарды.

Осыған ұқсас жарыстар (тек көлемі шағындау) 3 маусым күні басқа аймақтарда да болды.

Жаппай қысқарту басталды

Түркіменстанның «Аваза»  Ұлттық туристік аумағында қонақ үй қызметкерлерін жұмыстан шығаруда, деп хабарлайды  Азатлык. Ондаған қонақ үйде жұмыс істеген мыңдаған адам жұмыссыз қалды. Қонақ үй әкімшілігі жұмыстан шығарудың себебін түсіндірмеді.

Жұмыссыз қалғандарға демалыс жәрдемақысын төлеп жатқан жоқ және басқа да қаржылық көмек көрсетілмеді.

Кейбір адамдар тіпті 2020 жылдың қаңтар айынан жалақыларын ала алмауда

Президент пен денсаулық сақтау министрі жазғы маусымда «Аваза» туристік аймағында азаматтардың демалуын шектеу туралы жариялағаннан кейін жаппай қысқартулар болды.

Сонымен қатар Бердімұхамедов басқа шипажайлар мен демалыс аймақтарында азаматтардың демалуы мен емделуі үшін жағдай жасауды тапсырды. Олар Ашхабадта және елдің басқа да аймақтарда орналасқан.

— Қазір жұмыссыз қалған адамдар не істерін және қайда барарын білмей жүр.  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі оларға ешқандай көмек көрсетпейді. Жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алу мүмкін емес. Керісінше,

этрап полициясы жұмыссыз қалған адамдарды күн сайын шақырып,  олардың еңбек биржасының алдына келмеңдер деп қоқан-лоққы көрсетіп, тыйым салуда

— деді журналист.

Маңдай терімен тапқан ақшаны алудың өзі қиынға соқты

Лебап уәлаятында  Қытай компаниясы China National Petroleum Corporation (CNPC) қызметкерлері жалақы төлемей жатыр деп шағымдануда. Бұл туралы Turkmen.news басылымы хабарлайды.

Қызмет көрсетуші банк ақшаны CNPC өзі аудармаған деп атап өтті. Бірақ көпшілігі

банк ақшаны қандай валютада беретінін білмейді, жоғарыдан түсетін бұйрықты күтіп отыр дейді

Осы күнге дейін жалақыны доллармен төлеп келген. Ал манатпен беретін болса мемлекеттік бағаммен береді, ол «қара нарықтағы» бағамман бірнеше есе төмен.

Бұрын Түрікменстанның Орталық Банкі доллармен қолма-қол ақша беруді тоқтатуды ұйғарған болатын, бірақ фирмалардың бір бөлігі өз қызметкерлеріне валютмен аударуды жалғастырды. Алайда оларды шоттан шешіп алу мүмкін емес.

— Мысалы, Dragon Oil компаниясы қызметкерлердің жалақысын аударды, бірақ  компанияға қызмет көрсететін «Түркіменбаши» банкі ақшаны бермей жатыр. «Петронас Чаригали» компаниясымен де осыған ұқсас жағдай болды,  оған Внешэкономбанк қызмет көрсетеді, — деп жазады портал.

Басылымның мәліметіне қарағанда,  елдегі  ай сайынғы жалақы қоры шамамен 18-22 млн доллар. Алайда, Түркіменстан банктерінде мұндай ақша жоқ.

— Коронавирус пандемиясы, Түркіменстанның әлемдік экономикалық белсенділігі мен сыртқы саудасының төмендеуінен елде қолма-қол валютаға қатысты жағдай тек нашарлай түсуде. Жағдайды ешқандай экономикалық негіздемесі жоқ, Сыбайлас жемқорлық пен қаржылық жоспар жасалмаған миллиондаған құрылыс жобалары қиындатып отыр, — деп жазды басылым.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз