Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-4
USD
450
+0.72
EUR
490
+1.14
RUB
4.89
+0.01

Коронавирус біздің барлық көпірме  амбициямызды сыннан өткізді — сарапшы

177

Кеңестік тәжірибені еске түсіретін уақыт келді

«Стратегия» әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы» ҚҚ-ның президенті Гүлмира Ілеуова ең алдымен медицина саласындағы проблемаларға назар аударды.

— Өткен ғасырда негізі қаланған кеңестік эпидқадағалау, эпидқорғау жүйелерінің қалдықтары күресуге мүмкіндік берді

Алдыңғы жылдары біздің елімізде жүргізілген төсек-орындарды азайту саясаты бұл қорғаныс жүйесін бұзды. Оның ішінде денсаулық сақтау жүйесін оңтайландыру аясындағы стационарларды жабу да бар. Ал алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесі дамымай отыр, ол да кеңестік жылдары барынша қалыптасқан еді, — деді ол.

Неліктен ел дәріханаларынан сапалы дәрі-дәрмектер жоғалып кетті? — дәрігер

Әлеуметтанушы денсаулық сақтау және медициналық кадрларды даярлау саласында кеңестік тәжірибеге тағы да қызығушылық танытатын кез келді дейді. Бірақ Ілеуова мұндай кадрларды онлайн режимде дайындау мүмкін емес екенін ерекше атап өтті.

Сондай-ақ ол қоғамдық-саяси белсенділік тек арта түсетінін айтты.

— Қырғызстанда президенттік сайлауға дайындық жүріп жатқан кезде менің досым кандидаттардың біріне дауыс беру үшін мигрант қырғыздарға үгіт-насихат жүргізумен айналысты. Сол кезде прагматикалық саяси стратегтер елден тыс жерлерде тұратын қырғыз мигранттарының санына, олардың көзқарасына және оның сайлау алдындағы науқанның жағдайға қалай әсер ететінін мұқият бақылады, — дейді.

Студенттер қайда барады?

Қазақстан-Неміс университетінің профессоры Ирина Черных  бүкіл әлемдегі «цифрлық теңсіздік» туралы мәселені атап өтті.

— Біз e-learning бағдарламасын тиісті деңгейде пайдалана алмадық, оны жүзеге асырғаннан кейін Қазақстанның барлық мектебі компьютерлермен және жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілуі тиіс еді. Олардың барлығы қайда? Статистика бойынша,

бүгінде балалары бар 300 мыңға жуық отбасының компьютері мен интернетке  қол жетімділігі жоқ,

— деді ол.

Осыған ұқсас проблемалар тіпті бірқатар отандық ЖОО-да да байқалады.

Сондай-ақ, қатысушылар білім беру көші-қоны мәселесі бойынша да пікір білдірді. 2020 жылға дейін шетелге оқуға кетушілер саны ұдайы өсті. Бірақ бірқатар сарапшылар 2020 жылы көптеген адам коронавирусқа байланысты шетелдерге оқуға бара алмайды деп есептейді. Тиісінше, отандық жоғары оқу орындарында студенттер саны артады.

Черных қорытынды жасауға асықпайды.

—  Пандемияға қарамастан, Ресей жастарды оқуға тартумен белсенді айналысуда. Бұл Қазақстан үшін үлкен сынақ. Ресейлік университеттер де біздің оқу орындары секілді қайта құрылуда. Оқуға түсу процесі аяқталғаннан кейін қазақстандық талапкерлердің қанша пайызы отандық  және қанша пайызы ресейлік университеттерге түскенін көреміз, – деді ол.

Саясаттанушы Марат Шибутовтың пайымдауынша, 2020 жылы ғана шетелге оқуға шығатындар саны азаюы мүмкін. Бірақ болашақта бұндай тілек білдірушілердің саны қайтадан артатыны анық.

— Білім беру еңбек нарығымен, ал ол өз кезегінде әлеуметтік жағдаймен байланысты. COVID-19 пандемиясы көптеген  посткеңестік елге қайда жақсы және қауіпсіз өмір сүруге болатынын көрсетті, — деді Шибутов.

Alma жоғары мектебінің деканы Асқар Нұрша оқытушы кадрлардың саны қысқарып жатқанын айтты

— ЖОО-лар үнемдей бастайды, жалпы білім беретін пәндердің педагогтарын штатқа алмайды. Егер ел ішінде бұл қымбатқа түссе, басқа білім беру қызметтерін жеткізушілерден оқыту сатып алынуы мүмкін. Яғни, бұл

ЖОО үнемдегендіктен білім беру нарығынан оқытушы кадрлардың кетуіне әкеле бастайды,

— деді ол.

Эпидемия біздің шынайы орнымызды көрсетті

Асқар Нұрша коронавирус жайлаған кезеңде  еуразиялық интеграция келешегі жақсарады деген пікірге күмәнмен қарайды.

— Қазақстан интеграциялық процестерге қатысқанда, интеграциялық құрылымдардың өздері де басқаша әрекет етуі тиіс еді. Яғни

барлық елдер оқшауланды, біз нақты процестердің орнына жеке мемлекеттерді ғана байқап отырмыз,

дегенмен олар өздерін еуразиялық интеграцияның қатысушыларымыз деп атайды, — дейді Асқар Нұрша.

Алайда, егер өзіміздің, әсіресе медицинамен байланысты институттарымыз осылай кері кете берсе, Қазақстанға сырттан көмек қажет болуы мүмкін.

— Егер коронавирус пайда болмаса, оны ойлап табудың мәні бар. Өйткені ол біздің барлық көпірме  амбицияларымызды тексереді.

біз өзімізді көптеген салалардың ең үздігі деп санадық, ал эпидемия нақты орнымызды көрсетті

Тақырыпты жалғастыра отырып, экономист Айдархан Құсайынов «коронавирус пандемиясы кейбір интеграциялық болжамдарды сынақтан өткізді» деді.

— Еліміздегі ақпараттық саясат және медициналық қамтамасыз ету тәсілдері айтарлықтай ерекшеленетіні белгілі болды.

Әр елдің ерекшеліктері  интеграцияны іс жүзінде баяулатады және қиындатады

Алайда экономисттің пікірінше  бұл процесс «маңызды және дұрыс экономикалық бағытқа» ауысады.

— Бір жағынан, интеграция баяулайды. Бірақ, екінші жағынан, бұл баяулаудың өзіндік тиімділігі бар. Бірлестікпен жұмыс жасамас бұрын, біз ішкі жұмыс процестерін мұқият ойластыруымыз керек. Даму стратегиясы мәселелерін мұқият қарап, саяси аспектілерді қолданбалы экономикалықтан ажырату керек, — деді Құсайынов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз