Қостанайда спорттық демалыс алаңдарының бірінде жасөспірімнің ту талақайын шығарған әйелдің кім екені белгілі болды.
Бұл туралы видео алдында әлеуметтік желіде кеңінен тарап, көпшіліктің қызу талқысына түскен еді деп жазады “Костанайские новости”.
Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, демалыс алаңында жасөспірімді ұрып-соққан облыстық балалар ауруханасында жұмыс істейтін 39 жастағы келіншек екен. Қазір ол әйелге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 434-бабы, яғни ” Ұсақ бұзақылық” бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Оған 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынуы мүмкін. Таяуда іс материалдары әкімшілік сотқа жолданады.
Видеодан бір топ әйелдің велосипед мінген жеткіншекке тап бергені көрінеді. Бала өзін қорғау мақсатында оның бірін итеріп жіберіп, аузына келгенін айтады.
Сөйтсе оларға ұсақ балалар ойнап жүрген жерде жеткіншектің велосипед тепкені ұнамаған. Топ әйелдің ішінен бірі суырылып шығып, аузына келгенін көкіген жеткіншекті желкесінен жұлып алып, өзінше жазалап жатқанын көруге болады.
https://kaz.365info.kz/akemnin-basyna-sorpa-toge-saldy-zheli-kholdanushysy-zhengesinin-symdykh-isterin-ashkere-etti-283709
Желіде бұл видео қызу талқы туғызды. Бірі баланың көргенсіздігін сөз етсе, ал тағы бірі балаға өзге түгілі әке-шешесінің қол көтеруге қақы жоқтығын айтқан.
Ескерту: видеода бейәдеп сөздер бар