Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Көпбалалы отбасыларға төленетін жаңа жәрдемақының мөлшері жарияланды

970

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов көпбалалы отбасыларға төленетін мемлекеттік жәрдемақы туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, мемлекеттік жәрдемақы кәмелетке толмаған төрт және одан көп немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студенттері бар көпбалалы отбасыларға табысына қарамастан төленеді.

“Мемлекеттік жәрдемақының мөлшері бала санына қарай сараланады. Әр балаға орташа есеппен 10-11 мың теңге. Бұл 2018 жылдан бастап тағайындалуы тоқтатылған осыған ұқсас жәрдемақы мөлшерінен 7-8 есе артық болады”, – деді Нұрымбетов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Осылайша,

• 4 баласы барлар – 42 500 теңге;
• 5 баласы үшін – 53 125 теңге;
• 6 баласы барлар – 63 750 теңге;
• 7 бала тәрбиелеп отырған отбасылар 73 375 теңге алады.

Нұрымбетовтің айтуынша,

егер көпбалалы отбасы табысына қарай тұрмысы төмен отбасы санатына жатса, онда бұл жанұяға атаулы әлеуметтік көмек пен балаларға кепілді әлеуметтік пакет тағайындалады.

Сөйтіп көпбалалы тұрмысы төмен отбасы мемлекет тарапынан үш әлеуметтік көмек пакетіне ие болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз