Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
21
USD
475
+0.11
EUR
516
+0.21
RUB
5.5
-0.08

Көпбалалы отбасыларда әр балаға 21 мың теңге төленеді — Назарбаев

768
vlast.kz

Көпбалалы отбасындағы әрбір балаға 21 мың теңге төлеу тапсырылды, деп хабарлайды inform.kz.

Елбасының сөзіне қарағанда, қазіргі кезде атаулы көмекті 111 мың көпбалалы отбасы алады.

«Үкіметке әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтарды, әсіресе, көпбалалы отбасыларды қолдау шараларын кеңейтуді тапсырамын. Аталған көрсеткішті күнкөріс деңгейінің 70 пайызына дейін жеткізуіміз керек. Ал атаулы көмек алып отырған көпбалалы отбасылардың әрбір баласына берілетін жәрдемақыны 21 мың теңгеге дейін өсіруді тапсырамын. Аталған көмекті барынша жеңілдету керек. Халық ары-бері шапқылап жүрмесін.

Сосын ондай отбасылардың табысын есептегенде басқа әлеуметтік жәрдемақыларды санауды алып тастау қажет. Әйтпесе, соның бәрін санағанда көпбалалы отбасылар бай азаматтар болып шыға келеді», – деп атап көрсетті Н.Назарбаев.

Бұдан өзге, Назарбаев Үкіметке мүгедек балаларды асырап отырған ата-аналардың жәрдемақысын 30 пайызға көбейтуді тапсырды. Осы мақсатта 2019-2021 жылдары қосымша 300 миллиард теңге бөлінеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз