Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Коммунистер, Нұр Отан немесе Ақ жол — саяси күштердің сайлауалды тізімі

421
Дереккөзі — regionsamara.ru

2020 жылдың 12 тамызында ҚР Парламенті Сенатының сайлауы өтеді, сондай-ақ мәжіліс сайлауына да аз уақыт қалды. Конституция бойынша, олар 2021 жылы өтуі тиіс. Бірақ кейбір сарапшылар 2020 жылы, мерзімінен бұрын өткізуі мүмкін екенін айтты. Алайда, соңғы уақытта мұндай болжамдар су сепкендей басылды.

Саясаттанушы Андрей Чеботарев Facebook-тегі парақшасында сайлау қарсаңында  республиканың партия алаңындағы жағдайды қысқаша суреттеді.

Сателлиттер ме әлде бәсекелестер ме?

Алдымен саясаттанушы 2019 жылдың тамызында Nur Otan партиясының қамқорлығымен жұмыс істейтін «Қазақстан-2050» Демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясы өз жұмысын тоқтатқанын еске салды. Оған «Ақ жол», ҚКХП, «Ауыл» және «Бірлік» кірді.

— Саяси ғылымда ондайларды «сателлит-партиялары» деп атайды, олардан үстем партия статусын мойындап,  билік  белгілеген шеңберде әрекет ету талап етіледі, — деп атап өтті сарапшы.

Содан кейін ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі пайда болды.

Чеботарев осылайша Nur Otan мен басқа партиялар «саяси серіктес» болуды тоқтатты деп есептейді.

— Бұл сателит-партиялардың билік партиясымен бәсекелестік шегінде әрекет етуіне белгілі бір еркіндік береді. Олар қазақстандықтардың пікіріне және биліктің барлық деңгейіндегі өкілдік органдарындағы депутаттық мандаттарға ықпал ету үшін бір бірімен де ашық күресе алады.

Сенатқа сайлау өткізу Тоқаевқа кадрлық ауыс-түйістер жасауға көмектеседі — сарапшы

Атап айтқанда, «Ақ жол» парламенттік оппозицияны заңдастыру туралы мәселені көтерді. Тіпті заң жобасын қайта қарауға бастамашы болды. Чеботаревтің пікірінше, партия Мәжілістің келесі шақырылымында осы мәртебеге үміткер.

Алайда, сарапшы «Ақ жол» «өзінің қарсыласуының нақты бағыты мен деңгейін таппады» деп санайды. Жеке бизнесті қолдауға басты назар аударылады. Сарапшының пікірінше, осы секілді мәселеге ғана үміт артуға болмайды, ол өзін ақтамауы мүмкін. Кәсіпкерлердің де әртүрлі болатынын екенін ескеру керек

— Осыған байланысты осы партия мезгіл-мезгіл

қоғамға өздерінің «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының ізбасары екенін еске салады

Бұл жолы «ақжолдықтар» 1929-1933 жылдардағы жаппай ашаршылықты қазақтардың геноциді ретінде ресми тану тақырыбын көтеріп, ұлттық-патриоттық күштер алаңында ойнауды шешті. Сондай-ақ олар Қазақстанның мемлекеттік саясаты процесінде «декоммунизация қағидасын» пайдалануға шақырды», — деп жазады Чеботарев.

Сарапшы осылай  «Ақ жол»  коммунистерден  электоратты тартып алуға тырысуда деп есептейді.

Коммунистер парламентте қала ма?

ҚКХП келетін болсақ, Чеботарев оны «уақытпен бірге келе жатқан заманауи ұйым» деп атады. Бұл қолданбалы мағынада айтылған пікір, себебі партия жаңа сайт пен онлайн жүйені іске қосты. Сарапшы бұл жүйе карантин және әлеуметтік қашықтық жағдайында нәтиже бере алады деп отыр.

— Бұл партияның

әлеуметтік әділдік пен интернационализм құндылықтарына назар аударуы

оның пайдасына асуы мүмкін.

Алайда ҚКХП сайлау алдындағы элита ішіндегі жайттарға немесе Ақорданың жоспарларына сәйкес келмеуі мүмкін. Мұндай жағдайда оның парламенттік партия мәртебесін сақтап қалуы екіталай, — деп атап өтті Чеботарев.

ҚКХП-мен салыстырғанда қалған партиялардың орны білінер-білінбес болып көрінеді. Чеботарев «Ауыл» партиясы төрағасының Қасым-Жомарт Тоқаевпен 2019 жылдың желтоқсан айында кездесуі

«партияның ілгерілеуіне Ақорда мүдделілігін болжауға негіз береді»,

— дейді.

— «Ауыл» партиясын жақсы насихаттап, ресми қолдау көрсетсе жаңа парламенттік партия болатын мүмкіндігі бар, — деп есептейді сарапшы.

«Бірлік» партиясынан да Чеботарев сенсация күтпейді.

—  «Бірлік» партиясының төрағасы Серік Сұлтанғалидің 2019 жылдың сәуірінде өткен Мемлекет басшысының саяси адал партиялардың жетекшілерімен кездесуіне қатыспауы Ақорданың осы партияға деген қызығушылығының жоқтығын көрсетеді. Алайда бәрі өзгеруі мүмкін

алдағы парламенттік және жергілікті сайлауда кімнің мүддесін білдіретініне байланысты,

— деп атап өтті ол.

Дегенмен, егер мұндай өзгерістер болса да, ол жақын арада емес, орта мерзімді перспективада болуы мүмкін. Олар басқа партиямен бірігуі мүмкін деген тағы бір нұсқа бар.

Өзгеріс керек

Чеботарев «Ақ жол» , «Ауыл» және ҚКХП партияларына

бұрынғы сайлау алды бағдарламаларын немесе платформасын және сайлаушыларды сендіру тәсілдерін қайта қарау керек,

— деп ерекше назар аударды.

— Пандемия аясында қазақстандықтар арасындағы түрлі көңіл-күйлерді ескере отырып, өздерінің идеялары мен ұрандарының мазмұнында конструктивті сипатты үйлестіре алатын және оларды кең жұртшылыққа ұсыну процесінде жоғары эмоциялық фонды үйлестіре алатын партиялар ең көп баға алатын болады деп күтуге болады, — деп атап өтті Чеботарев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз