Ауыс-түйістер тек орталық мемлекеттік органға ғана емес, сондай-ақ аймақтық әкімдіктерге де қатысты болады.
Саясаттанушы Санат Күшкімбаев жарияланған сайлаулар жоспарға сәйкес, заңнаманың шегінде болады дейді. Бірақ бір маңызды нәрсе бар — бұл президент Тоқаевтың кезіндегі алғашқы ауқымды сайлау болмақ.
— Сенат өз төрағасының мәртебесі мен жалпы заң шығарушы орган ретінде маңызды орган. Оның Конституцияда анықталған өкілеттілігі, заңнамалық бастама жасау құқығы бар. Сенат — тоқтату және қарсылық жүйесіндегі күрделі құрал, оны парламенттің жоғары палатасы деп бекер айтпайды. Сондай-ақ онда Қазақстан халқы Ассамблеясының депутаттары да бар. Яғни елдің этиникалық алуантүрлілігі де көрсетілген, — дейді Күшкімбаев.
Сонымен қатар, сарапшы бұл
партиялық пропорциональдық жүйемен өтпейтін бірден-бір сайлау,
деп атап өтті.
— Әрине, барлық мәслихаттарда «Нұр Отан» партиясы басым. Бірақ теориялық тұрғыдан бұндай жүйе сенатта өттетін сайлауда басқа партияның да жеңіске жетуіне мүмкіндік береді, — деп атап өтті сарапшы.
Күшкімбаевтың пікірінше, осы сайлаудан кейін құрам жаңарады. Жоғары палатада жаңа тұлғалар, тіпті жастар да пайда болады.
Саясаттанушы Максим Казначеев та сенаттағы сайлау мәжілістегі сайлаудан ерекшеленеді дейді. Нәтижесінде сенат аймақтық элиталардың мүдделері ұсынылған негізгі орган болды.
— Сенаторлардың үштен екісінен астамын мәслихаттар (яғни өңірлік мәслихаттар) сайлайды. Яғни, парламенттің жоғарғы палатасы Орталық пен аймақтардың мүдделері арасында тиімді тепе-теңдікке мүмкіндік беретін саяси жүйенің өзіндік тұрақтандырушысы болды, — деді ол.
Сондай-ақ, сарапшы Президент тағайындайтын 15 депутат бұл органды «президент әкімшілігінің басқаруына және бақылауда ұстауына мүмкіндік береді» деп атап өтті.
— Сондықтан да Сенатта өтетін сайлаудың маңызы жоғары. Бірақ оның маңыздылығын төмендететін құрал да бар, — деп есептейді Казначеев.
Яғни сенат автономды күш орталығы ретінде әрекет ете алмайды. Алайда депутаттардың саяси басшылыққа аймақтардың мүддесін жеткізуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар, «бейресми режиміде де» жеткізе алады.
Казначаев бұл сайлау екінші президент командасының кімге артықшылық беретінін көруге мүмкіндік береді дейді. Яғни аймақтық режимде жұмыс істейтін тұлғалар белгілі болады.
— Қазіргі президенттік команда жұмыс істеуге ыңғайлырақ деп таныған аймақтық орталықтардың сыртқы көрінсі белгілі болады. Біз
аймақтардағы ықпал ету салаларының қалай өзгеретінін және қандай топтарға орталық биліктің баса назар аударатынын
көре аламыз — дейді ол.
Саясаттанушы Андрей Чеботарев та аймақтық элиталардың мүдесін сенатта көрсетуге назар аударды. Ол Facebook желісіндегі парақшасында осыған қатысты жазба арнады. Сондай-ақ күтпеген кедергілер болуы мүмкін екенін де атап өтті.
— Егер бұрындары бұл мәселе Ақордамен белгілі бір ымыраға келу арқылы шешілсе, енді «Кітапханадан» да «рұқсат» алу керек. Алайда осы екі орталықтың арасында болашақ сенаторлардың жеке құрамы бойынша келіспеушіліктер орын алса қиындықтар туындайды, — деп жазды саясаттанушы.
Чеботарев сайлаудан кейін орталықтардың біреуі көшбасшылықты алғаны немесе олардың арасында ең жоғарғы теңдік орнағаны белгілі болады дейді.
— Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа бұл сайлау жақсы мүмкіндіктер береді, ол
орталық мемлекеттік органның басқарушылық құрамында және аймақтық әкімдіктердің арасында кадрлық ауыс-түйістер жасап,
белгілі бір тұлғаларды сенаторлыққа жіберіп, оларды өз адамдарына ауыстыра алады, — дейді ол.