Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
12
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Коммерциялық банктер депозиттердің сыйақы мөлшерлемесін азайтты

410

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылдың желтоқсан айының соңында Кепілдік беру қоры 2016 жылдың 1-қаңтарынан бастап жеке тұлғалардың ұлттық валютадағы салымдары бойынша банк депозиттерінің ең жоғарғы сыйақы мөлшері 14 пайыз болатынын хабарлаған еді. Ал қазір нарықта қалыптасқан жағдайға байланысты теңге депозитінің мөлшерлемесі орта есеппен 2-2,9 пайызға төмендеп, 11-12 пайыз болып отыр.

Александр Терентьев, ҚР Ұлттық банкінің басқарма басшысы:

– Екінші деңгейлі банктер өз жарнамаларында жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін көрсетеді. Бұл бір немесе одан да көп пайызға жоғары. Ал іс-жүзінде салымшы қолына номиналды сыйақыны алып отырды. Қарапайым азаматтар сыйақының осы екі түрін көп шатастырады. Сондықтан оларды біріздендіру туралы шешім қабылданды.

Енді банктер өздерінің депозиттерін жарнамалайтын кезде тек жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін көрсетуі тиіс.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз