Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
17
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Көкшетауда жыныс мүшесі жоқ қыздың отбасына пәтер сыйлады

Бөлме Үміттің атына рәсімделген», – дейді Гүлнара Зейнуллина.

Гүлнара ақпан айында таныстарының кеңесі бойынша «Харекет» қорының көмегіне жүгініпті. Онда әйел өзінің қиын жағдайы туралы айтып, баспанасы жоқ екенін дәлелдейтін қажетті құжаттарды жинаған.

«Маған ақша бар екенін айтты. Оларға құны 1,6 миллион теңге шамасында болатын бөлме іздеп көмектесуім керек болды. Біз барлығы мұншалықты тез болады деп ойламадық. Әрине, бақыттымыз», – дейді Үміттің анасы.

Ал «Харекет» қайырымдылық қоры «Баспана – 1 000 теңгеге» жобасын іске асырып жүр.

«Біздің мақсатымыз – мұқтаж жандарды, жетім-жесірлерді пәтермен немесе жер телімімен қамтамасыз ету. Әр адам 1 000 теңге салып, қор есебін толтыра алады», – дейді қор директоры Алғадай Әбілғазыұлы.

Естеріңізге сала кетсек, Үміт 2015 жылдың мамыр айында дүниеге келген. 3 жасар қыздың жыныс мүшесі дамымай қалған. Диагнозы – артерияның экстрофиясы, анус атрезиясы, қуықтың алдыңғы қабырғасы болмауы, оң бүйрек кішкентай жамбаста орналасқан, жатыры екі бөлікке бөлінген, олардың әрқайсысының бір түтікшесі бар, артқы тесігі (анус) пен қынабы жоқ, бел, сегізкөз аймағында ісік шығуда.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз