Көкшетауда оқушы сабақ үстінде қайтыс болды.
Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Tengrinews.kz хабарлады.
Полициядағылар Көкшетау қаласында орта мектептердің бірінде 2-мамырда 2002 жылғы оқушының қайтыс болғанын мәлімдеді. Облыстық ІІД мәліметінше,
қайғылы оқиға дене шынықтыру пәнінде орын алған.
“Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды, соның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім шығарылады. Алдын ала болжам бойынша, оқушы жүрек талмасынан қайтыс болған”, – деп хабарлады Ақмола ІІД баспасөз қызметі.