Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
9
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Көкшетауда адам қағып кеткен әйелдің жүргізуші куәлігі болмаған

Жол апатынан қаза тапқан жалғызбасты ананың жақындары әлеуметтік желіде жан тебірентерлік жазба жариялады. Марқұмның туыстарының айтуынша, қайғылы оқиға отбасы үшін күтпеген ауыр соққы болған. Сол күні олар Көкшетауға сіңлісінің қыз ұзату тойына жиналған.

«Бұл хабарды қабылдау бізге өте ауыр. Сол күні Көкшетауға сіңліміздің қыз ұзату тойын өткізу үшін барған едік. Марқұм біздің туған тәтеміз болатын. Ол қуанып, құдалыққа дайындалып жүрген. Барлық туыстар қонақ күтуге әзірленіп жатқан еді. Бірақ бір сәтте отбасымыз орны толмас қайғыға душар болды», – деп жазды жақындары.

Еске салайық, бұған дейін Көкшетауда тұрғын үйдің автотұрағына кіреберіс жерде әйелді көлік қағып, оқиға орнында көз жұмған. Туыстарының айтуынша, марқұмның артында 12 жастағы ұлы қалды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз