Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Клинтонның үйі мен Обаманың кеңсесіне белгісіз біреулер бомба жолдаған

Оны поштаны қарайтын жұмысшы тапқан деп хабарлайды The New York Times.

Бомба салынған қорап АҚШ-тың бұрынғы президенттері Билл Клинтонның үйіне және Барак Обаманың кеңсесіне, CNN телеканалына және миллиардер Джордж Соросқа жіберілген. Тергеушілер жіберуші бір адам болуы мүмкін дейді.

Дәл осындай қорап бұрынғы бас прокурор Эрик Холдерге, конгрессмен Дэбби Вассерман Шульцтің Флоридадағы кеңсесіне жолданған.

Бұл жөнінде Нью-Йорк полициясы хабарлаған. Полицияның мәліметінше, қораптардың ішінде қолдан жасалған жарылғыш зат болған.

Бұл оқиғаларға қатысты АҚШ президенті Құрама Штаттарда саяси зорлық-зомбылық жоқ деп мәлімдеді. Дональд Трамп елде ірі федералді тергеу жұмыстары басталды деп мәлімдеді.

Нью-Йорк мэрі Билл де Блазио оқиғаларды теракті деп атады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз