Атамбаев айылын тартар емес. Енді ол америкалық саясаттанушы Майкл Макфолға соқтықты.
АҚШ-тың экс-президенті Барак Обаманың көмекшісі Макфол баспасөзде «Қырғызстанда өткен сайлауда қазіргі президенттің үзеңгілес серігі жеңіске жетті», деген мәлімдеме жасаған-ды.
Сол-ақ екен, 16-қазанда Бішкекте сайлауға келген халықаралық бақылаушылардың алдында сөз сөйлеген Атамбаев Макфолдың айтқан сөздерін сын тезіне салды.
«АҚШ-тың өзінде әділеттілік пен демократия жоқ, —
деді Атамбаев. Бұл туралы Кырғыз Республикасының 24.kg хабарлады.
https://kaz.365info.kz/nazarbaev-turaly-ne-dejmin-zheenbekovtyn-zhauaby-khyrgakh-shykhty-video-284980
Әлбетте, егер американдық ұстанымдағы үміткер жеңіске жеткенде, олар бұлбұлша сайраушы еді».
Сондай-ақ Атамбаев егер АҚШ-та билікке Хиллари Клинтон келгенде, мұхиттің арғы бетіндегілер өздеріндегі “сайлаудың адал және әділетті болғанын” жыр ғып айтушы еді деген болжам айтты. Бұдан бөлек, әлі биліктен кетпеген президент өзінің дипломат емес екендігін алға тартып, әрқашан шындықты бетке айтуды әдетке айналдырғанын атап өтті, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.
Алдын ала жасалған бағалау бойынша, 15-қазанда өткен сайлауда Атамбаевтың партияласы социал-демократ Сооронбай Жээнбеков жеңіске жетті. Ол сайлаушылар дауысының жартысына жуығын иеленген.