Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Кішкентай Джим Керридің” кім екені анықталды

609

Әлеуметтік желілердің жұлдызы он жаста, ол пародия жасағанды жақсы көреді. Абылайдың ата-анасының айтуынша, ұлының Қазнетте бір сәтте танымал болуы олар үшін күтпеген жағдай болыпты.

Видео 13 шілдеде түсірілген. Сол күні бала отбасымен бірге Жезқазғанда ағасының үйлену тойына барған. Анасы Гүлшат Байтоқанованың айтуы бойынша, ұлының осындай кішкентай өнері бүкіл Қазақстанға танымал етеді деп ойламапты.

“Біз оған қарама-қарсы отырдық, ол тойда әншінің өнер көрсетуі кезінде әзілдей бастады. Бұл күлкілі көрінгендіктен, телефонға түсіріп, туыстарға жібердік. Видео Интернетке шығып, көпке тарайды деп ойламадық.

Ұлымыз әрдайым үйде әзілдеп жүреді, пародия жасағанды жақсы көреді. Таңертеңнен бастап бізге барлық таныстарымыз бен туысқандарымыз қоңырау шалып, Абылайдың Интернетте танымал болғанын айтып жатыр”, – дейді Абылайдың анасы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз