Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Кішігірім дәмханалар мен шаштараздар СЭС бақылауынан шығарылды

Бас санитарлық дәрігердің айтуынша, болашақта гипермаркет секілді нысандарды да бақылаудан шығару жоспарланып отыр.

«Эпидемиологиялық маңызы болмашы нысандар жылына 1 рет тексеріледі. Заң бұзушылық анықталса, нақты мерзімі көрсетілген санитарлық ұйғарым беріледі. Кейін жоспардан тыс тексеріс форматында заң бұзушылықтың жойылып-жойылмағаны тексеріледі», – деп атап өткен Бекшин осылайша тұтынушымен кері байланыс орнату көзделіп отырғанын айтты.

«Біз енді ұсақ нысандарды халықтан шағым түскенде тексереміз. Қазір бұл нысандармен профилактикалық жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұған қоса, мұндай мекемелер өзін-өзі бақылауға көшуі керек», – деді комитет төрағасының орынбасары.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз