Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Кірш еткізген…”. “Алтын белгі” иегерінің қолынан көз жұмған түлектің анасы бәрін айтып салды (видео)

Эльвира Дүсіпова тұла бойы тұңғышының болшағынан үлкен үміт күткен. 11 сыныпты енді ғана тәмамдаған Азат теміржол институтына түсуді ойластырып, ауру анасын емдету үшін жақсы жұмысқа тұрып көп ақша жинауды армандаған.

https://kaz.365info.kz/oralmandar-adeji-istegen-khytajlykhpen-suretke-tysken-khazakh-khyzy-maskhara-shyndykhty-ajtty-foto-321347

Бірақ өкінішке орай, алдына қойған мақсатына жетпестен бұл өмірден тым ерте кетті. Сол бір қаралы күні футбол ойынына кеткен Азат ата-анасымен қауыша алмады. Ұзақ уақыт телефонын көтермей кешіккен баласының қан-жоса болып көшеде жатқанын әкесіне белгісіз біреу қоңырау шалып айтқан

“Мен оны жедел жәрдемде көрдім. Ол кезде ұлым әлі есін білетін. Балам менің үйге баруымды өтінді. Мама “үйге қайтшы, уайымдама бәрі жақсы болады” деді. Бірақ дәрігерлер маған оның өте ауыр жағдайға жатқанын бірден айтты”,- дейді қайтыс болған баланың анасы Эльвира Дүсіпова.

Дәрігерлер қансырап жатқан Азатты аман алып қала алмады. Үш жерінен пышақталған баланың бір соққы дәл жүрегіне тиген екен. Ал ата-анасын тұңғышынан айырған күдікті бірнеше күннен кейін ұсталды. Ол да мектепті биыл ғана бітірген жас түлек. Физика-математика мектеп-интернатын “Алтын белгімен” тәмамдаған түлектің ұстаздары шәкірттерінің бұндай іске шатылып жатқанына әлі сене алар емес.

https://kaz.365info.kz/yyat-boldy-au-alemge-tanymal-zhalanash-fotomodeldin-khany-khazakh-eken-foto-321370

“Бала физика-математика бағытына өте бейім. Осы жылдың өзінде физикадан облыстың жүлдегері. Кан Турнирінің жүлдегері. Республикалық олимпиаданың қатысушысы. Физикалық ой конкурсының жүлдегері. “Алтын белгі” иегері. Ешкіммен ренжісетін бала емес. Біреу үшін кешірім сұрай алатын бала”,- деді Ақтөбе облыстық физика-математика мектеп-интернатының директоры Қаракөз Тілеумағамбетова.

Кәмелет жасына да толмаған жас түлектердің бір-бірін пышақтап тастауға дейін баруына не себеп болғаны әзірге белгісіз. Полицейлер де тергеу құпиясына қатысты жақ ашпай отыр. 

Дереккөз: Stan.kz 

https://kaz.365info.kz/mektepti-altyn-belgimen-bitirgen-tylek-kisi-oltirip-tyrmege-tysti-321194

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз