Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Кір де жат деді”. Танымал әнші бастығының бөлмесінде түнегенін ашып айтты (фото)

221

Пойыздан түскен сәтінен бастап жұмыс орнына қалай барғанына дейін суреттеген әнші оқырмандарына жазушылық қабілетін барынша ашқан секілді.

Абдуллин вокзал алдында тұратын таксистер мен қаладағы кептелістің өзін нақышына келтіре жазған.

Барар жеріне “арзанға” жетіп алғанын айтқан ол әрмен қарай болған жағдай туралы былай дейді:

“Ми қайнау, күнде таксидің ішінде демалуда оңай емес екен, кептеліс көрген көзім өзіме сене алар емес, орташа жылдамдықпен әйтеуір мекен-жайға жеттім-ау.
Мектепке кірдім. Вахтёршы апай: “кімге келдің?” – деді. Директордың есімін айттым. “А жақсы кабинеті анау тұр, кіре бер”, – деді.

https://kaz.365info.kz/meniki-6-myn-tyrkistanda-politsiya-zhanyndagy-saunada-khyzdar-tanin-saudalap-zhyr-video-329675

Есігін қақтым.

– Иә?

– Сәлеметсіз бе?

– Сәлемет пе?!  Ааа, Нұрболат? Қош келдің !(бұл кісіні бұрыннан танитынмын) Кел отыр.

– Раxмет апай!

– Иә? Ауыл-ел аман… деген сұрақты әңгімемен 20-30 минуттай сөйлестік.

– Жұмысқа қабылдандың. Құттықтаймын деп әңгімесін тәмамдай келе: “Қайда орналастың?” деді.

– Әзірге ешқайда, – деп қызардым.

– Мәссаған бұл қалай болды. Ммм, онда бүгінше осы менің кабинетіме түнеп шық. Басқа шара бар ма. Одан кейін пәтер мәселесін реттейміз, – деді.

https://kaz.365info.kz/zhigitter-kerek-bop-tyr-zhas-khyz-koshede-myshekhap-syrap-zhyr-video-329672

– Апай ұят болды ғой сізден. – Неге ұят? Енді далада қаламысың ?осы жерде түнеп шық. – Жақсы апай!”

“Негізінде кабинетінде түнеген былай тұрсын,пәтер қып тұрғың келед,үй сияқты бөлмесі”, – деп аяқтаған Нұрболат.

Сондай-ақ, ол бұл әңгіменің “жалғасы бар” деп оқырмандарын одан әрі қызықтыра түсіпті.

Желі қолданушылары болса Абдуллинге түрлі пікірлер жолдауда:

“Осылай жұмысқа тұрдым де”, “Кір де жат деген шығар”, “Ары қарай не болары қызық болып тұр”, деді олар.

View this post on Instagram

📖Алматыдағы алғашқы пәтер. Поездан түстім.Тал түс.Аң-таң көңіл.Қаладан қалаға келсемде бұл қаланың қозғалысы мен қүрылысы басқаша.Вокзалының өзінен айқын көрініп тұр.Қолымда үлкен сұр чемодан.Қалаға шығатын жаққа бет алдым.Таксистер дос'тума'жақын'брат' дегеннен жіберіп қалаған жеріңе апарғысы кеп тұр.Бағасын естідім де тума(өздерінің тілімен) мынаған ауылда екі-үш қап ұн аласың ғой дедім жымиып.Сөйтіп бұлардан қашып аялдамаға беттедім. Бір ойым ойлап қоям мына чемоданмен қалай автобусқа мінем деп ,ойлағанымша болған жоқ бір такси жаныма келіп қайда бармақшысың "тума" деді.Тағы да жымиып ішің толған адам ғой қай жеріңе сыям дедім. Оой көңіл сыйса бәрі болады ғой'за то арзанға апарып тастаймын деді. Көп ойланбастан мейлі дедім. Ми қайнау күнде таксидің ішінде демалуда оңай емес екен,кептеліс көрген көзім өзіме сене алар емес,орташа жылдамдықпен әйтеуір мекен-жайға жеттім-ау. Мектепке кірдім. Вахтёршы апай кімге келдің? Пәленше Паленшеқызы деп Директордың есімін айттым. А жақсы кабинеті анау тұр кіре бер деді. Есігін қақтым. -Иә? -Сәлеметсіз бе? -Сәлемет пе?! Ааа Нұрболат?қош келдің!(бұл кісіні бұрыннан танитынмын)Кел отыр. -Раxмет апай! -Иә?ауыл-ел аман деген сұрақты-әңгімемен 20-30 минуттай сөйлестік. Жұмысқа қабылдандың.Құттықтаймын деп әңгімесін тәмамдай келе қайда орналастың? -Әзірге ешқайда деп қызардым. Мәссаған бұл қалай болды. Ммм онда бүгінше осы менің кабинетіме түнеп шық'басқа шара барма.Одан кейін пәтер мәселесін реттейміз деді. -Апай ұят болды ғой сізден. -Неге ұят?Енді далада қаламысың?осы жерде түнеп шық. -Жақсы апай! (Негізінде кабинетінде түнеген былай тұрсын,пәтер қып тұрғың келед,үй сияқты бөлмесі) Жалғасы бар… #nurbullin

A post shared by 🇰🇿𝓝𝓾𝓻𝓫𝓸𝓵𝓪𝓽 𝓐𝓫𝓭𝓾𝓵𝓵𝓲𝓷 (@nurbullin) on

https://kaz.365info.kz/khyzymyzdan-sal-akh-ylken-bir-ajel-kyjeuinin-konildesi-baryn-bilip-khojdy-329655

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз