Нұр-Сұлтан
Қазір
-13
Ертең
-9
USD
517
+8.88
EUR
543
+7.70
RUB
4.98
-0.08

“Кінәм жоқ”. Тәуекел Мүсілімді сүйіктісі тастап кетті

792

Жеке өмірі туралы Тәуекел Майя Бекбаеваның авторлық бағдарламасында сыр шертті, деп жазады Stan.kz.

Мыңдаған қыздың арманына айналған Тәуекел екінші жартысын тапты деген жаңалық арулардың жүрегін ауыртты. Мүсілімнің өзі жақын арада той болатынын меңзегенімен, олай болмады.

Тәуекелдің жүрегін селт еткізген ару – өзінің жерлесі, яғни Алматының қызы. Актер есімін жасырып қалған арумен мейрамханалардың бірінде кездейсоқ танысқан.

«Мынасы кім тағы?». Тәуекел Мүсілімнің тағы бір қызбен түскен суреті тарап кетті

“Мен достарыммен бірге бір жобаны талқылап отырдым. Сол кезде оны көрдім. Ол әпкесімен келді. Оны көре сала ерекше аураны сезіндім. Өзін қоғамдық ортада ұстауы… Жарты сағат бойы бақылап отырдым. Мүмкін маған қарайтын шығар деп үміттендім, бірақ ол мені тіпті байқамады. Ал менің басқа кездесуге кетуім керек болатын”, – дейді Тәуекел.

Актер сол сәтте жүрегін жаулаған арумен танысудың басқа мүмкіндігі болмайтынын түсінген. Сондықтан көп кідірместен оның жанына барған.

“Отыруға рұқсат сұрадым. Бұл жерде бір атап өтерлігі, мен көп уақыттан бері қыздарға өзім жақындап, танысқан емеспін. Бұрын да танысқан кезде, қызға ілтипат білдірсем, ол да мені жылы қабылдаса, демек менің бетімді қайтармайды деп түсінетінмін.

Мөлдір Әуелбекова 15 жылда алғаш рет жеке концертін өткізді

Ал бұл жолы ондай ештеңе болған жоқ. Себебі мені қабылдай ма, қабылдамай ма, түсініксіз болды. Дегенмен тәуекелге бел будым”, – дейді Тәуекел Мүсілім.

Қазақстандық көптеген фильмдер мен телехикаяларда Тәуекел Мүсілім басты рөлді сомдайды. Көп жағдайда сымбатты актерге қызқұмар жігіттің рөлі бұйырады. Ал бұл жағдайды Тәуекелдің таңдаған аруы қалай қабылдаған? Тәуекелдің өзі айтып берді.

“О баста бұл сұрақтың бәрін талқылап алдық. Соңғы түскен жобамда сондай сахна бар. Мен оған бірден ескерттім. Бұл менің жұмысым, егер режиссер талап етсе, мен ешқандай шектеу қоя алмаймын дедім.

Сүйісу керек болса, режиссерге барып: – Ренжімеңіз, менің сүйіктім қызғаншақ, мен оны жасай алмаймын, – деп айта алмаймын.

Бұл – менің жұмысым. Оның бәрін талқылап қойдық. Бұл сұрақты қайта қозғамаймыз деп ойлаймын”, – дейді Тәуекел.

Алайда өкінішке қарай, Тәуекел жүрегінде махаббат отын тұтатқан қызбен айырылысып тынған. Мұның себебін актер нақты айтпады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз