Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Кімге сенеміз? Данияр Ақышев “девальвация болмайды” дейді

Теңге бағамы сауда-саттықтағы әріптес елдердің ақшаларына, мұнайға қатысты әрекет етуіне қатысты сай бағамдалған, сондықтан, менің көзқарасымша, ақша-несие саясаты мен төлем балансында қандай да бір тепе-теңсіздіктер қордаланбаған, – деді Данияр Ақышев бүгінгі арнайы баспасөз мәслихатында.

„Дәл қазір ақша айырбас бағамында күрт өзгеріс болады деп айтуға ешқандай негіз жоқ„

деп тағы атап өтті Ұлттық банк басшысы.

Оның айтуынша, шілде айында инфляция 0,5 пайызды құрады. Ал қаңтар мен шілде аралағында ол 5,2 пайызды қамтыды.

Еске сала кетелік, өткен жылы да жаз айларынан бастап Ұлттық банктің бұрынғы төрағасы Қайрат Келімбетов теңге девальвациясы болмайды, ондай алып-қашпа сөзге сенуге болмайды деп халықты сендіруге тырысқан. Алайда көп ұзамай, Ұлттық банк ақша бағамын еркіне жіберу туралы шешім қабылдауға мәжбүр болды. Одан кейін екі ай ішінде АҚШ доллары 185 теңгеден 300 теңгеге дейін бір-ақ ытқыды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз