Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Үкіметтегі соңғы өзгерістер қандай шешімдерге түрткі болады?

Жер ресурстары агенттігін қайтадан құру керек

Экономика ғылымдарының докторы Тоқтар Есіркепов Ұлттық экономика министрлігінің бұл арада үлкен кінәсі бар деп санамайды. Ғалымның айтуынша, жаңадан құрылғанға дейін бұл министрлік жер мәселесімен ешқашан айналыспаған.

-Есиркепов-доктор-экономических-наук-e1422608486952-300x300

Тоқтар Есіркепов

– Жермен ешқашан айналыспаса, олардан енді не сұрауға болады? Ал ауылшаруашылығы министрлігінің ауылшаруашылығы жеріне қатысты ғана функциясы болған. Негізінен, жердің 7 түрі бар. Міне, соның барлығының басын қосып, осыған дейін тиімді басқарған мекеме – Жер ресурстары агенттігі деген болған. Ол тікелей Елбасыға бағынған. Кейін оны комитет қып, Ұлттық экономика министрлігіне қаратып қойды. Меніңше, міне, осы агенттікті қайтадан қалпына келтіру керек, – дейді ол.

Бізде қай шенеунік немен айналысып жүргенін ешкім білмейді

Ғалым Досаевтың орнына кім келетінін болжау мүмкін емес екенін айтады. Өйткені, оның пікірінше, бізде қай шенеунік немен айналысып жүргенін ешкім білмейді.

– Елбасының бұл реттегі сыны орынды. Мемлекет басшысы министрлерге „журналистерден үнемі қашып жүресіңдер, сендер айтпағанда, мәселені кім тарқатып айтады„ деді ғой. Онысы рас.

Министрлердің не істеп жатқанын қарапайым адам түгілі ғалымдардың өзі – біз білмейміз.

Жер туралы заңның қабылданғанына 13 жыл болды. Оны көпшілік білмейтін болып шықты. Масқара ғой… Кеше ғана жер туралы сайт ашылды. Бірақ бұл да жеткіліксіз. Әлі де ашылуы тиіс ақпараттар бар. Мысалы, көрші Ресейде кімнің меншігінде қанша гектар жер барын оп-оңай біле аласыз. Олар сондай тізімді жариялап отырады. Ал біз қай жер кімнің иелігінде екенін біле алмаймыз. Содан кейін күдік пен күмән қоюлайды ғой, – дейді Тоқтар Есіркепов.

Ақпарат министрлігін ұлтжанды, репутациясы таза адам басқаруы мүмкін

Саясаттанушы Әзімбай Ғали „енді жер мәселесіне қатысты үгіт-насихат күшейтіледі, оның ауыл-ауылды жерлерге жеткізілуі – аса маңызды„  дейді.

Сондықтан ол жаңадан құрылған Ақпарат және коммуникациялар министрлігін либералды, ұлтжанды, репутациясы таза адам келеді деп сенім білдіреді.

262120c54049a1fb40e18ac7556849e9

Әзімбай Ғали

Жалпы, саясаттанушы, „ жаңа құзырлы органның құрылуы биліктің диалогқа түсуге, жариялылыққа дайын, ымыраласуға ниетті екенін көрсетеді. Сондықтан бұл өте жақсы құбылыс„ деп бағалайды.

– Елбасы құзырлы органдардың халық қолдайтын мәселелерге аса мән беруі тиіс екенін айтты. Дегенмен осы жариялылықты пайдаланып, жерден тыс әлі де басы ашылмаған бірқатар мәселенің түбіне жетіп алуымыз керек секілді.

Соның бірі – білім саласындағы үштілділік жайы,

– дейді ол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз