Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Үкімет басшысы ұшақ билеті құнының неге қымбаттығын тексеруді тапсырды

Өз кезегінде ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев кейбір бағыттар бойынша едәуір тарифтер өсімі бар екенін жеткізді. Осы орайда ішкі әуе тасымалындағы Астана-Орал, Астана-Алматы бағдарларында бұндай жағдай байқалып отырған көрінеді.
Қазіргі кезде Табиғи монополияларды реттеу комитеті тасымалдың өзіндік құнын анықтауға тырысуда.

– Өкінішке қарай, компаниялар рейстерді орындаудың өзіндік құнына байланысты мәліметтерді беруден бас тартуда. «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің мүшесі ретінде ресми түрде қорға, сәйкесінше оның еншілес компаниясына рейстерді орындаудағы өзіндік құнына қатысты барлық есеп-қисапты ұсыну туралы сауал жолдағым келеді. Осы мәліметтерден кейін бағаны өсіру қаншалықты негізді екені жайында шешім шығаруға болады, – деді Қуандық Бишімбаев.

Бұл тұрғыда Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев осы бағыттағы шараларды соңына дейін жеткізіп, заң бұзушылықтар орын алған жағдайда заңнамаға сәйкес, тиісті шешім қабылдау керектігін жүктеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз