Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
0
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

“Кім жетісіп жүр дейсің?”. Ұйым басшысы мектепті “тозаққа” теңеген мұғалімнің хатына жауап берді

166

Айта кетелік, алдында әлеуметтік желіде Қазақстан мектептерін тозаққа, ал ұстазды ешқандай құқығы жоқ тыпырлаған жәндікке теңеген ұстаздың аноним хаты жарияланған болатын. Бұл хат әлеуметтік желіде үлкен резонанс туғызды, көбісі ағылшын тілі пәнінің мұғалімі келтірген дәйектерді растап, оны қолдады. Хат иесі Қазақстандағы мұғалімнің әл-ауқаты қайыршылық деңгеймен пара-пар дейді.

Сондай-ақ ол өз хатында: „Қазақстандағы мұғалім — бетімен кеткен оқушыларға, топас директорға және білім жүйесіндегі хаосқа қарсы тұру үшін дамылсыз тыпырлайтын ешқандай құқығы жоқ тіршілік иесі„ деп салады. Бәрінен бұрын ұстаз жеке өміріне қажетті уақытты алған – Олимпиадалар, сенбілік, мәдени шара, жиналыс өткізу, бітпейтін қағаздарды толтыру, ата-анаға хабарласу — ақысы төленбейтін мұғалімнің қосымша жұмыстары екендігі туралы фактінің басын ашады.

Анар Төлебаева мұғалімдердің мұндай мәлімдемелері білім беру саласына кір келтіреді деп есептейді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

“Кейде мұндай пікірлер негізсіз. Мысалы мұғалім 30 жаста екенін және жұмысы көп болғандықтан жеке өмірі жоқтығын жазып отыр. Алайда мұғалімдерден басқа, отбасын құра алмаған, бала таба алмаған, бақытты некеде өмір сүріп жатпаған дәрігер, актрисалар, журналист, полицей , инженер әйелдер, бизнес-вумендер арызданып жатыр ма? Дәл осылайша бақытты отбасын құрған, тамаша балаларын тәрбиелеп отырған мұғалімдерді де мысалға келтіруге болады. Егер жас мұғалім ізгілікті және мұғалім миссиясын мектепте істеген бір жылдан кейін ұмытса – бұл әйелдің осы мамандыққа кездейсоқ келгенін көрсетеді. Мұндай ашулы хатқа материалдық жағдай себеп – “артық ақшаның” болмауы – ал қандай мамандық иесінің “артық ақшасы” бар? Ешкімнің де “артық ақшасы” болмайды”, – деді Анар Төлебаева.

“Хатты жазған адам мектепте мұғалімдерге қиын екенін, тек зейнет жасына тақаған мұғалімдердің ғана абыройлы болатынын айтып, шағымданады. Бірақ барлық мамандықта да құрметке тек үлкендер лайық қой. Біз, ата-аналар, тәжірибелі, үлкен жасқа келген мұғалімдерге құрметпен қараймыз – олар нағыз мэтрлер! Әрқайсымыз балаларымыздың осындай педагогтан білім алғанын қалаймыз, себебі олар даналықты, өмір сабағын бере алады”, – деді ол.

“Қазақстандық ата-аналардың басым бөлігі мұндай жағдайға бей-жай қарай алмайды, мұғалімдермен белсенді түрде қарым-қатынас орнатады. Бірақ мектепте проблема көп, шешілуі тиіс мәселелер жетіп артылады, бірақ біз мектептердің алға жылжып келе жатқанын, дамудың барын көріп отырмыз. Біз “байғұс мұғалім” портретінің насихатталғанына қарсымыз. Суворов айтпақшы, “соғысты сырттай қарап тұрған әрбір адам өзін стратегпін деп есептейді”. Сырттан қарап тұрып, сынау оңай. Мұғалімдердің көпшілігі өзін сондаймын деп есептемейді, олар мұғалімнің абыройы үшін күн сайын еңбектеніп жатыр. Аяныш адамды төмендетеді, “байғұс” деген сипаттама әлемдегі ең абыройлы мамандықтардың бірін қорлайды. Мамандықтың абыройы артқан сайын, оған жас дарындар көптеп келе бастайды, дарынды мұғалімдер буыны өсе түседі – себебі біз мұны бақыт үшін және балаларымыздың білімі үшін тілейміз”, – деп қорытындылады өз сөзін Анар Төлебаева.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз