Осыдан бірнеше күн бұрын ғана ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мектепке оқушылар діни киімдермен кіргізілмейтіні туралы соңғы сөзін айтқан болатын.
Соған қарамастан Түркістан облысы Сарыағаш ауданына қарасты Фирдоуси ауылындағы тәжік мектебінің оқушы қыздары мектепке жаппай хиджаб киіп келген. Мектеп қызметкерлері оларды ғимаратқа кіргізген жоқ деп хабарлады Sn.kz.
Аталған сәт түсірілген видеоролик әлеуметтік желілерді шарлап жүр.
Видеоны ата-аналардың бірі түсірген. Ол балалардың және өзінің құқығы аяққа тапталып жатқанын айтып, мектеп қызметкерінің өзін ұрғанын айтады.
Алайда, видеороликте ешкімнің оған қол көтермегені анық көрініп тұр.
https://kaz.365info.kz/byl-ne-symdykh-mynalar-meshitte-ne-istep-zhatyr-video-330236
Айта кетерлігі, мектепке хиджаб киіп келген қыздардың саны өте көп. Олардың біразы ғимаратқа күшпен кірмек болған. Алайда, есік аузындағы күзет ешкімді ішке жібермеді. Видеокадрлардан хиджабқа оранған ондаған қыздың мектеп ауласында тұрғанын аңғаруға да болады.
Село "Фирдоуси" Туркестанская область. 1-ое сентября…
Gepostet von Hamza Asadullah am Montag, 3. September 2018