Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Ким Чен Ын: ядролық қару маған не үшін қажет?

– Солтүстік Кореямен келісісөз жүргізу ешқандай нәтиже бермейді. Осы уақытқа дейін 25 жыл уақыт өтті, Американы басқарып келген президенттердің қолынан ештеңе келген жоқ. Жүргізілген келіссөздердің барлығы нәтижесіз аяқталды. Клинтон, Буш, Обаманың дипломатиялық өкілдері  де  құр босқа уақытты жіберді. Солтүстік Корея әлі күнге дейін ракеталарын сынақтан өткізіп жатыр. Тіпті қол қойылған көпжақты келіссөзден қаламсаптың сиясы кеуіп те кетті. Енді дипломатиялық жолмен мәмілеге келудің  керегі жоқ. Оларға қарсы бір нәрсе ғана жасауға болады. Ол жақын уақытта жүзеге асады. Мұны барлығы кейін түсінеді, – деді АҚШ президенті Дональд Трамп.

«Бір нәрсенің» не екенін бұл жолы да Трамп ашып айтпады.

Бірақ одан ығайын деп отырған Ким Чен Ын жоқ. Елдегі Еңбек партиясының төрағасы «ядролық қару жасау  –біздің тәуелсіздігіміз бен егемендігімізді сақтап қалады» дегенді айтты.

–Біз өзіміздің ядролық қаруды жасау туралы бағдарламамызды қандай жағдайға қарамастан жалғастыра береміз. Ядролық қару Корея жарты түбегіндегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтай алатын жалғыз мүмкіндік. Сондықтан бізге қандай қысым жасалса да, ядролық қару жасау ісін тоқтатпаймыз. Өйткені бізге тәуелсіздігіміз қымбат, – деп мәлімдеді президент Ким Чен Ын.

Дереккөз: Аikyn.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз