Солтүстік Кореядан брондалған пойыз Пекинге жол тартты, дейді КТК.
Бұл Қытай аумағында жергілікті пойыздардың кестесінде үлкен іркілістер тудырды.
Сарапшылардың болжамынша, ол КХДР-нің үкіметтік құрылымы отырған брондалған пойыз екен.
Егер ақпарат рас болса, бұл – Солтүстік Корея көшбасшысының Қытайға алғашқы сапары.
Сарапшылардың айтуынша, Ким Чен Ын Қытайға брондалған пойызбен келген. Солтүстік Кореяның қазіргі көшбасшысының әкесі де кезінде Пекинге осы пойызбен атанған. Бұл пойыздың Қытай астанасына келуі Пекин теміржол бекетінің аумағындағы қауіпсіздіктің жоғарылауымен және лимузиндер, полицейлермен білінеді.
Осы сәттің бейнесі Twitter желісінде пайда болды.
Мамандардың айтуынша, бұл сапар солтүстіккореялықтар мен қытайлық тарапқа да пайдалы.