Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Қызының теріс қылығын жақтамай күйеубаласын жақтаған енеге риза болдым

167

Апардым. “Мамасы” есік ашып алатындарын алды. Шөлдеп тұрғасын су сұрап едім: қызым менімен бірге шай ішші,әлі оразамды ашпадым, саудаң күте тұрар,- деді. Қиылып тұрғасын кетуге ұялдым да “жарайды” дедім. 2 кішкентаймен отырып төртеуміз шай іштік.

Менде қарап отырмай мамаңның аты кім, папаңның аты кім деп сұрамаймын ба. 5-6 жас шамасындағы қыз: біздің мамамыз жоқ, әкетайым жұмыста деп тақ ете түсті. Ондай жауап күтпеген мен өзі ұялып қалдым. Ой, апа, кешіріңіз дедім жалма-жан. “Иманды болсын” деп қоямын ғой ещё. Апаның қолы дірілдеп кетті де: өлген жоқ, тірі, тірі,-деді. Шынымен ұялып қатты састым. Кешіріңізші апа дедім.

Оқасы жоқ айналайын, біліп айтқан ештеңең жоқ қой, шай іш, шай іш деді. Немерелері мен апарған айранға секер салып ішіп алды да мультик қараймыз деп кетіп қалды. Шығып кетейін десем апай шайды қаймақ, тарымен терлеп ішіп отыр. Тірі ғой шешелері, қайтейін енді. Осы екеуін тірі жетім етіп қойды ғой, – деді жанары жасқа толып.

“Қарғайын десем жалғызым”, өзім туып, өзім өсірген соң қайтейін адасты ғой, адасты басқамен әуейі болып дегенде мен келіні деп отырған келіншектің қызы екенін түсіндім. Осылай күйеубалам вахтаға шыққанда осы екеуін бағамын келіп. Алтын күйеуін тастап кетті қызым басқамен. Әйтеуір тірі екенін білемін. Балаларымен ісі жоқ.

https://kaz.365info.kz/auyzga-aludyn-ozi-yyat-halal-shipazhajga-bargan-kelinshek-oz-kozimen-korgenin-ajtty-327536

Хабарын білмейді де балаларының. Ертең балалары өскен соң не бетімен қарайды, білмеймін тіпті деді жылап.

Сол сатте апайды аяп кеттім. Ең болмаса сізге де хабарласпайма дегенім де: қызымнан тауым қайтты, любовь, любовь деп күйеубалама шықты. Одан любовь деп басқамен кетті.

Енді тағы басқасын тауып қазір сонымен жүр. Не кылған бітпейтін любовь екенін білмеймін. Бүйтіп тірі жүргенінен өліп қалғаны жақсы еді, әйтеуір жылайсың да келмейтінін біліп отырасың ғой. Балам (к/баласы) жақсы жігіт тек әйелден жолы болмады. Балаларың кішкентайында үйленіп ал десем үндемейді.

Қайтсін тауы қайтқан шығар әйелден. Қызым соры болып жабысты ғой оның деді жанары жасқа малынған күйі. Аяп кеттім. Өзегін жарып шыққан қызының теріс кылығын жақтамай күйеу баласын жақтаған енеге риза болдым бір жағынан. 1,5 сағаттай отырып базарға кеттім.

Апай қызын әңгімелеумен болды. Енді апайдың жасқа толған жанары, кішкентай қыздың мамамыз жоқ деп тақ ете түскені есімнен кетер емес. Анасының қарғысын алған, анасының көңілін қалдырған келіншек бақытты болама?

Ең жаманы екі кішкентайдың тағдыры не болмақ. Бәрінен бұрын осындай балаларының, күйеуінің қадірін білмейтін аналарға Алла тағаланың көп күттірмей бала беретінін ойласам кеудемді ашу-ыза мен өксік кернейді. Неге ол? Неге? Неге?

Ана қатынды көрсем шашын бір талдап жұлар едім бар ғой. Уххх.

 

Жазира Аскар

Фейсбуктегі парақшасынан

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз