Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Қызың бар болғыр…”. Баянның әкесі сынаған журналист қатты кетті

332

https://kaz.365info.kz/abden-sharshattyndar-goj-bayan-esentaevanyn-akesi-bylkhan-talkhan-boldy-296528

Журналист бұл ашық хатты жазуға Баян Мақсатқызының әкесінің мақаласы себеп болғанын баса айтыпты.

“Біз әдетте салмағы қара жердей ауыр бұл сөздің мәнісін білмеген соң жиі қолданамыз. Ал, мен амалым құрығаннан жазып отырмын. Менің амалымды құртқан – Баяны бар болғырдың атышулы «Қозы-Көрпеш – Баян сұлу» сериалы. Бұл сериалда қазақтың ұлттық мақтанышына айналған құндылықтың иісі де жоқ екенін айтпаған қазақ қалмаған шығар. Мен өзім де жорамал жасап және оның өкінішке қарай шындыққа айналғаны жөнінде екі кішкентай пост жазып, «киноны көрмей ауырайын» деп тыныш жатыр едім, Баянның әкесінің мақаласы еріксіз қолға қалам алғызды…

Ал, мына фильмде лирикалық эпостың аты ғана қалған… Эпостың желісі тұрмақ, қазақы салт, әдет, ғұрыптан жұрдай. Тіпті адами қисынды таппайсыз. Мақсат ағамыз қызын арашалау жолында, «ұялған тек тұрмасқа» салып «…бір отар қойды үш адамның бағуы фантастика жанрынан емес, күні кеше бір отар қойды бір жанұя болып баққан жоқ па!» дейді.

https://kaz.365info.kz/korsetkishi-kyshti-erlan-kharin-khozy-korpesh-bayan-sylu-filmin-synagandarga-zhauap-khatty-296061

Қойды әдетте бір үйлі жанның біреуі ғана баққан, ал, мұнда кино бастала сала 3 бірдей қойшы «бес қаруы сай 4 қарақшы 6 қойды алып кетті» деп, күзгі жапырақтай қалтырап тұр. О, тоба, қазақтың қой барымталағанын естіген кім бар? Алдарынан салып қуып кеткені, ия 1,5 қойдан өңгеріп әкеткені белгісіз…

Дүниеқоңыз Баян…

Баян сұлу болса дүниеқоңыздықтың символына айналған әкесінен озып тұр: «Бүгін малыңды алса, ертең үйіңе тиеді!» деп, «қарақшыларды» қууға өзі аттанады. «Бармашы!» деп шылбырына оралған екі қойшыны атпен қағып ұшырып жіберсе, үшінші байғұстың тамағына қанжарын тақайды! Бес қой үшін! Міне, Баян түсірген «Баянның» сиқы…”, – дейді ол.

Сонымен қатар журналист телехикаяда қазақ дәстүрлеріне қатысты орын алған шикіліктерді тізіп берді. Ол қазақтың салт-дәстүрін бұзып, ертегі-аңыз бен эпос-жырлардың желісін өзгертіп көрсетуге ешкімнің хақысы жоқ екенін айтты.

“Сериалдың екі сериясының өзінде аттың жүгенін алмай отқа жібере салады; қымызды кесеге жартысына жеткізбей құяды; бір топ ер адамның дәл алдынан әйел бала кесіп өтеді; шайқасып жатқан қарақшыларға көмек келіп қалғанда Қозы атына қарай ұмтылудың орнына қашып талдың арасына тығылады; Қодар Қарабайға «менің ұрын келгенімді елге тегіс хабарла(?)!» дейді, т.т., қисынсыздықты айтып тауысу қиын…

Игі жақсылар! Қазақтың салт-дәстүрін бұзып, ертегі-аңыз бен эпос-жырлардың желісін өзгертіп көрсетуге ешкімнің хақысы жоқ! Өйткені, оның бәрі – ой, білім! Сұрыпталған саф алтын!

https://kaz.365info.kz/nege-otirik-ajtasyn-bakhytbektin-kharyndasy-bayanga-khatysty-malimdeme-zhasady-266522

Біз, ең болмаса, орыстар секілді дайын желімен түсіре алмайды екенбіз, онда өзімізше өзгеріс енгізіп, өткендерден дана болуға тырыспайық, одан-дағы өз қолымыздан келетін бүгінгі күн жайын қаузай берейік. (Баян әнші қыздар тобын қалай құрғаны жайлы бір емес он серия түсірсін)”,

– деп жазды журналист Өмірзақ Ақжігіт.

Айта кетелік, Баян Есентаеваның әкесі, тарихшы, түрколог, мәдениеттанушы Мақсат Мұхитденов алдында өз қызына шүйліккен бірнеше қазақ журналисінің атын атап, түсін түстеп мақала жазған еді.

„…Құдай қолдап Бақыт Жаншаева ханым Гүлмәрия Барманбекова екеуіңіздің араңызды жалғап, Гүлекең ойды қорытып, мəтінді жазып шығып, өзіңізбен үндес адамдар екені анық деп Өмірзақ Ақжігіт пен Жолымбет Мәкішті қосып, құдай ұрғанда Шара Турмаганбетова сол алғашқы тізімге ілікпей де қалыпты. Бірақ Шəкең деген жасын ғой, жарқ етіп алғашқы болып қол қойыпты. Қазыбек Иса қуаттап сайтқа жариялайық деп халықтық үн қуат алып, «лидерство», көшбасшылық Қазыбек Исаға өтіп кетіпті„ деп жазады Баян түсірген фильмді телеарнадан алып тастауды, оны көрсетпеуді сұраған мақалаға қатысты өз жауабында Мақсат Мұхиденов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз