Күні кеше православтар мен католиктер Пасха мейрамын атап өтті. Ал белгілі продюсер Баян Есентаева мұсылманға жат мерекеге қалай әзірленгенін көрсетіп, елдің сынына ұшырады.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Баян Мақсатқызы православ дінін ұстанатын достарын құттықтап, кіші қызы Айарудың мерекелік нан пісіргенін айтып мақтанды.
“Айарудан собалақ (авт. Пасхада пісірілетін дөңгелек нан), православтық достарымның барлығын мерекемен құттықтаймын. Ал біз шай ішіп отырмыз, өте дәмді”, – деп жазды Есентаева.
Аз уақыттан кейін олардың бір бөлігін парақшасына жариялап, наразылығын білдірді.
https://kaz.365info.kz/elge-bar-shyndykhty-zhajyp-salmakhpyn-bayan-ne-byldirmekshi-254974
“Тіпті, мереке күні бір-бірімізді кеміріп тастауға дайынбыз. Сауатсыздық және надандық. Қызым бар болғаны нан пісірді”, – дейді Баян Мақсатқызы.