Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Қызылордалық жігіт неке түнінен кейін келіншегін қуып жіберген

477

Оның айтуынша, қыз ұзату тойы аса жоғары деңгейде өткен. Құдалар салт-дәстүр бойынша төс қағыстырып, бір-біріне қымбат сыйлықтар жасасыпты.

«Ұзатудан кейін мен Толқынды үйге алып кеттім. Мен өзім ауданда тұрамын, бірақ қалада жұмыс істеймін. Түнде үйге достарым мен туыстарым жиналып, таңға дейін атап өттік. Келесі күні беташар болатындықтан сол түні келіншегіммен жақындаспадым», – дейді жігіт.

Келесі түні көптен күткен неке түні де болған. Жеңгелері оларға әппақ төсек салып, екеуін оңаша қалдырыпты. Алайда, Толқынға бұл үрдіс аса ұнай қоймаған, ол ашуланып, мұның дұрыс еместігін меңзей бастаған. Артынша белгілі болғаны, қалыңдық пәк емес екен.

«Әрине, мен Казанова емеспін, бірақ қыз бен әйелді ажырата аламын. Бірақ, ол қыз болмай шықты.

Мен өз әйелімнің пәк болғанын қалаймын, ертең өмір бойы менің бетіме қалай қарайды? Ол менің балаларымның анасы болуы керек қой?! Біздің ұрыс-керісті ата-анамыз сол түні-ақ естіп қойды. Не болғанын толық айтып беруіме тура келді», – дейді Алмас.

Жас жұбайлар ресми түрде некелесіп үлгермепті.

«Некемізді қиып үлгермегеніме қуандым. Таңертең ерте тұрып Толқынды ата-анасының үйіне апарып тастадым. Үйінде әлі туыстары бар екен, тойдан кейін ауылдарына қайтып үлгермеген. Мен қыздарын қалдырдым да, ешнәрсе айтпастан кетіп қалдым», – дейді қызылордалық жігіт.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз