Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Қызылордада жаңа үлгідегі автобус паркі ашылды

111

қоғамдық көліктерді күтіп-ұстауға, техникалық қызмет көрсетуге жабдықталған қалалық автобус паркі пайдалануға берілгелі тұр,

– деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.

Жаңа автобустардың техникалық және санитарлық жағдайы елдің сұранысына сай болуы үшін, облыстық бюджеттен 2 млрд. теңгеден астам қаржы қарастырылған. Автобус паркінің жалпы аумағы 5 гектарды құрайды және 200 автобусқа шақталған. Автобус паркі 250-300 адамды жұмыспен қамтитын болады.

Мұнымен қоса, ағымдағы жылы жанар-жағармай мен қосалқы бөлшектердің, газдың бағаларының біршама қымбаттауына байланысты, жолақы тарифтері қайта қаралды. Ендігі кезекте, орта сыйымдылықтағы 100-150 жаңа автобустар сатып алынып, билеттік жүйе толыққанды енгізілетін болады. Сөйтіп, облыс орталығында қоғамдық көлік қызметі толығымен жаңартылады.

Естеріңізге сала кетсек, осыдан 3 жыл бұрын қалаішілік қоғамдық көлік тасымалын сапалы қызметпен қамтамасыз ету мақсатында «Қызылорда» автобус паркі» құрылған болатын. Аз уақыттың ішінде автобус паркі біршама жетістіктерге қол жеткізді.

– Атап айтқанда, 2014 жылы Қызылорда Автобус паркіне бюджеттен бөлінген 500 млн. теңгеге қала тынысына жаңа серпін берген, экологиялық таза, ең бастысы, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімді 20 автобус алынған болатын. Осы жобаны жалғастыру мақсатында, «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы және «Еуропалық қайта құру және даму» банкі арасындағы келісімге сәйкес, автобус паркіне қосымша 92 жаңа автобус алынды.

Нәтижесінде, бүгінгі күні қаладағы кіші сыйымдылықтағы қоғамдық көліктердің орнына жаңадан барлық талаптарға сәйкес, жолаушыларға ыңғайлы жағдай жасалған үлкен сыйымдылықтағы 112 автобус негізгі әлеуметтік маңызды маршруттар бойынша қала халқына қызмет етуде.

Сондай-ақ, автобустарға GPS құрылғысы орнатылып, ара қашықтықтың сақталуы қатаң бақыланады. Жаңа қоғамдық көліктердің барлығында бейнекамера орнатылған және жоспарға сәйкес билеттік жүйе енгізілуде. Сонымен қатар, қала ішінде және қала маңына қатынайтын қоғамдық көліктердің қызметін сапалы ұйымдастыру мақсатында Қорқыт ата көшесі, Темір жол вокзалы мен Саламатов көшесі бойында 3 диспетчерлік пункт салынды, -делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз