Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
-11
USD
496
-2.06
EUR
523
-2.87
RUB
4.94
-0.03

Қызылордада «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының мүмкіндіктерін талқылады

221

Жаңа технологиялардың пайда болуы болашақта жоғары сапалы қызмет түрлерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мысалы, цифрлық технологияларды қолдану халық қажеттіліктерін саралаудың жаңа тәсілін анықтауға, қызмет сапасын жетілдіруге әкеледі.

Электронды үкімет қаншалықты автоматтандырылған, блокчейн технологиясын мемлекеттік қызметте қалай қолдануға болатыны туралы «QDigitalInform» семинары аясында «ҰАТ» АҚ Қызылорда облыстық технологиялар орталығы ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу басқармасының бас маманы Талант Нұрымов түсіндіріп өтті. Аталмыш шара Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде Коммуникативтік бастамалар және стратегиялар қорының ұйымдастырыуымен 7-8 қараша күні болып өтті.

Семинар қазақ тілді БАҚ-ты ілгерілету және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын дәріптеу жобасы аясында ұйымдастырылды.

«Семинардың басты міндеттерінің бірі – «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының мүмкіндіктері туралы халыққа түсіндіріп өту. Себебі, өнеркәсіп саласын цифрландыру үдерісі отандық кәсіпорындарға заманауи жоғары технологияларды енгізуді қамтамасыз етеді. Осылайша қазақстандық өнеркәсіптің әлемдік компаниялардан үдемелі қалып қою мәселесін шешеміз», -дейді ұйымдастырушылар.

Шара «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен, салалық мамандардың, студенттердің, IT саласының қызметкерлері мен ЖОО оқытушыларының қатысуымен жүзеге асты.

Анықтама үшін:

  • «QDigitalInform»қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдарын ілгерілету және «Цифрлік Қазақстан» бағдарламасын дәріптеу бойынша ерекше жоба. Жобаның жүзеге асырылу мерзімі: 2018 жылдың қыркүйегінен желтоқсанына дейін. Жобаға еліміздің 7 өңірінен 2000-нан астам жас (IT мамандықтарының студенттері мен ұстаздары, мемлекеттік органдар мен коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері) қатысады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз