Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
17
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Қызылордада теміржолдағы жемқорлық тәуекелдерімен күресетін жобалық топ іске кірісті

145

Оған сәйкес, «Адал жол» жобалық кеңсесі құрылды деп хабарлады агенттіктің облыстық департаментінің баспасөз қызметі.

Жобаны Қызылорда облысында іске асыру үшін көліктік бақылау инспекциясының, желілік ішкі істер бөлімінің, темір жол саласындағы кәсіподақ өкілдері мен облыстық арнайы мониторингтік топ мүшелерінен құралған жобалық топ құрылып, өз жұмысын бастап кеткен болатын. Осыған орай, жобалық топтың отырысында темір жолмен жолаушылар тасымалдауда болуы мүмкін жемқорлық тәуекелдерін анықтау мен жою, халыққа сапалы қызмет көрсету бағытындағы проблемалық мәселелер талқыланды.

Отырыста агенттіктің облыстық департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Бағдат Ізкенов:

«Біздің департамент, арнайы мониторингтік топ өкілдері, құзырлы мемлекеттік органдардың қатысуымен өткізілген рейдтік іс-шаралар нәтижесінде Қызылорда қаласының теміржол вокзалында қала тұрғыны Н.Д. деген азаматтың жолаушыларға Шымкент қаласына пойызбен кедергісіз жетуіне көмек ұсынатындығы анықталды.

Осыған сәйкес, бұл азаматқа қатысты әкімшілік іс қозғалып, сот шешімімен 22 550 теңге айыппұл салынды. Біз осындай жасырын заңсыз қызмет ұсынатын қосалқы көмекшілерді бірлесіп анықтау жұмыстарын «Адал жол» жобасы аясында жалғастыруымыз қажет» – деді ол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз