Нұр-Сұлтан
Қазір
-12
Ертең
-9
USD
517
+8.88
EUR
543
+7.70
RUB
4.98
-0.08

Қызылордада «SarapTime» клубының кезекті отырысы өтті

Сарапшылар клубының биылғы алғашқы отырысы билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу аясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген жаңа түзетулерді талқылауға арналды.

– Өздеріңіз білетіндей, Қазақстанда бүкілхалықтық Конституциялық реформаның жобасын талқылау аяқталды. Билік тармақтары арасындағы өкілеттіліктерді қайта реформалау жөніндегі жұмыс тобына 6 мың азаматтан өтініш келіп түсті. Азаматтардың пікірін ескере отырып, Парламент заң жобасын бекітті. 10 наурыз күні Мемлекет басшысы Конституцияға енгізілген өзгерістерді мақұлдады.

Сарапшылар қауымдастығының ендігі басты мақсаты – түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Сондықтан біз конституциялық құқық бойынша тәжірибелі заңгер Мереке Ғабдуалиевті шақырдық,- деді кіріспе сөзінде отырыстың модераторы, Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі Артур Нығметов.

Спикер Мереке Ғабдуалиев билік тармақтарын қайта бөлудегі негізгі пункттер мен оның салдары туралы айтып берді.

– Ұзақ уақыттар бойы біз президенттік республикада өмір сүрдік және соның арқасында заңнамалық реформалардың теріс тұсы болған жоқ. Бүгінде біз Елбасының конституциялық деңгейде өз өкілеттілігінен бас тартып, Парламент пайдасына шешіп отырғанын көріп отырмыз. Сонымен қатар, басқару моделі президенттік болып қалады, – деді М.Ғабдуалиев.

Осыдан кейін сарапшы отырысқа қатысушылардың сауалдарына жауап берді.

Анықтама үшін: «SarapTime» сарапшылар клубы – саяси-экономикалық, әлеуметтік, мәдени тақырыптар бойынша тұрақты диалог құратын, сондай-ақ кәсіби шешімдер мен ұсынымдар әзірлейтін сараптамалық алаң.

Клуб «Медиа технологиялар орталығының» бастамасымен құрылған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз