Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Қызылордада көлік жүргізушісі жол полицейін қылқындырып, өлтіріп қоя жаздады

2-ақпанда сағат 15:17 уақытында жол полициясының тоқта дегенін елемеген 30 жастағы көлік жүргізушісіне қатысты сот алды тергеу ісі басталды. Жол полициясы қызметкерлері Қорқыт-Ата және Торайғыров көшелерінің қилысында апатты жағдай туғызды деген көлікке ұқсас Toyota Camry көлігін тоқтатады. Сөйтіп одан құжаттарын сұраған кезде ол дөрекілік танытып, талапқа бағынбайды. Оның орнына ол полиция қызметкерінің тамағына қос қолымен жабысып, қылқындырып, оны ажыратпақ болған екінші полицейдің погонын жұлып алып, оның қолындағы видеотіркегіш құрылғыны тартып алады.

Қазір бұл фактіге қатысты ҚР қылмыстық кодексінің 380-бабы, 1-тармағы, яғни „Билік өкілдеріне қатысты күш қолдану„ бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз