Облыс аумағында жүргізілген кешенді жедел-іздестіру шаралары барысында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері есірткі затын ірі көлемде сақтаған адамдар тобын анықтап, құрықтады, – деп хабарлайды ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Күдіктілердің үйіне тексеру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде, есірткі затын тұтынуға арналған құрал-саймандар, есірткіге ұқсас заттек салынған орамалар анықталды. Аталған заттар заттай дәлелдеме ретінде алынып, тиісті сараптама тағайындалды.
Тәркіленген есірткі
– Сараптама қорытындысына сәйкес, 1 килограмм 179 граммды құрайтын зат – «марихуана» және 207 граммды құрайтын зат – «гашиш» екендігі белгілі болды.
Қазіргі таңда аталған дерек бойынша 35 және 31 жастар шамасындағы 3 азамат ұсталып, Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасының Уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Оларға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 297-бабының 3-бөліміне сәйкес, қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, – делінеген таратылған ақпаратта.