Қызылорда облысының білім басқармасының үстінен қарайтын бақылау департаментінің басшысы парамен ұсталды.
Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы хабарлады. Ұлттық бюроның Қызылорда облыстық департаменті пара алған білім алу саласындағы бақылау бойынша облыстық департаменттің басшысы Р.Чагайды әшкереледі.
Биыл 26-сәуірде Р.Чагай білім алу қызметін жүзеге асыруға лицензияны тоқтатпауы үшін жеке колледждің өкілі Әбутәліповтан 300 мың теңге сомасында кезекті пара алу үстінде ұсталды. Чагай және Әбутәліпов Қызылорда қаласының ІІБ уақытша ұстау абақтысына қамалды.