Нұр-Сұлтан
Қазір
26
Ертең
25
USD
520
+0.74
EUR
597
-0.24
RUB
6.63
0.00

Қызылордада 5 баласы бар әжей “Қарттар үйін” паналап отыр

Атап өтейік, аталған орталыққа соңғы бір жарым айда төрт әжей келіп түскен. Олардың біреуін туыстары іздеп келіп, алып кеткен-ді. Ал қалғандары «Қарттар үйіне» берілер жолдаманы күтіп жатыр.

Дағдарыс орталығы директорының сөзінше, өкінішке қарай, соңғы кездері қарт ата-анасынан баз кешетін адамдар көбейген. Көбінесе балалары егде жастағы кісілерді баққылары келмейді екен. Ал бүгінде облыстық қарттар үйін 160 қария күнелтіп отыр. Олардың арасында 101 қарттың балалары бар.

«Бұған дейін екі бірдей әже оңалту процедураларынан өтіп, естерін жиды, қалыпқа келді. Қазіргі уақытта тиісті мемлекеттік органдармен келісіп жатырмыз. Одан кейін үш әжейдің біреуі «Қарттар үйіне» жіберіледі. Мүмкін араларында жолы болып, үйіне қайтатындар да болатын шығар», – дейді «Қамқорлық» орталығының директоры Жандос Түсмағамбетов.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз