Қызылорда облысының тұрғыны сұңқарларды ұстап, шетелдіктерге сатқан. Бұл сұңқарлар «Қызыл кітапқа» енген. Күдікті Қызылорда облысы Полиция департаментінің және «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК-ның Қызылорда өңірлік филиалы инспекторларымен прокуратураның үйлестіруімен өткізілген жедел іс-шара барысында ұсталған.
«Ол «Қызыл кітапқа» енген сұңқарларды шетелге сату мақсатында заңсыз аулаған. Тұрғынның үйіне тінту жүргізу барысында сұңқар тектес 2 құс алынды. Қазіргі таңда құстар Шымкент зоологиялық саябағына тапсырылды», – делінген хабарда.
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.