Қызылорда облысында Үдемелі индустриальдық-инновациялық даму бағдарламасы аясында 20 жоба жүзеге асырылды.
Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Қазақстан Республикасы Үкіметінің баспасөз орталығында өткен баспасөз-конференциясында мәлімдеді.
«Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аймақ экономикасының дамуына тың серпін берді. Нәтижесінде облыста 20 жоба жүзеге асырылып, оның 16-сы бүгінде толық өнімділікке қол жеткізді», – деді облыс әкімі.
Келер жылы аймақта шыны зауыты, молибден үш тотығын және тампонажды цемент шығаратын зауыттар секілді ірі индустриялық жобалар жұмысын бастайды.
DCIM100MEDIADJI_0044.JPG