Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
23
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

Қызылорда облыстық кәсіпкерлер кеңесінде несие бергісі келмейтін банктер сыналды

Облыс әкімінің орынбасары Евгений Ким өңірдегі бизнесті дамытудың перспективалық бағыттары туралы баяндама жасады. Оның айтуынша Қызылорда облысында тоқыма және аяқ киім, сондай-ақ ауылшаруашылығы, өнеркәсіп, машина жасау және қағаз өндірісін дамытуға болады. Алайда өңірде кәсіпкерлікті дамытуға дәстүрлі бизнес салаларын жөн көретін кәсіпкерлер мен старт-ап жобаларға несие бермейтін екінші деңгейлі банктер кері әсерін тигізіп отыр.

Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов кәсіпкерлер жұмысындағы әкімшілік кедергілерді жою бойынша атқарған жұмыстар жөнінде баяндады.

Сондай-ақ кездесу барысында өткен жылдың желтоқсан айының аяғында ашылған Кәсіпкерлерге кеңес беру орталығының тұсаукесері өтті. Орталықтың басты мақсаты кәсіпкерлерге қысқа уақытта рұқсат қағаздарын алу, кеңес беру болып табылады. Бұдан бөлек, Кәсіпкерлерге кеңес беру орталығы инвесторларды тартып, инвестициялық жобаларды жүзеге асырады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз