Алматыда 20 жастағы қыз кесарево арқылы босанғаннан кейін қайтыс болды.
Оқиғаның болғанына бір айдан астам уақыт өтті. Алайда марқұмның анасы кесарево арқылы босанған әрі дене температурасы жоғары болған қызын дәрігерлер бірнеше күннің ішінде қалай үйіне жібергенін әлі де түсіне алар емес.
“Он күнге дейін қызым орнынан тұра алған жоқ, тәбеті болмады, еріндері әбден құрғап кетті. Емханадан бізге ешкім келген жоқ. Таңертең жедел-жәрдем шақырдық. Олар 12 қалалық ауруханаға алып кетті.
Артынша дәрігерлер қызымның ішінде 2 литрдей ірің бар екен, оны кесіп тастайтынын айтты. Осыдан кейін қызым қайтыс болды”, – дейді марқұмның анасы Айнаш Сазбаева.
https://kaz.365info.kz/atyrauda-zhas-bosangan-ajeldin-olimine-sebepker-bolgan-darigerge-sot-ykimi-shykhty-266127
Әйелдің айтуынша қызының жүкті кезде денсаулығы жақсы болған.
Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау комитеті басшысының орынбасары Майра Үкібайдың айтуынша, босануға дейінгі және отадан кейінгі қиындықтар мен қауіп ескерілмеген.
https://kaz.365info.kz/almatyda-gej-lyn-ltirgen-jeldi-k-jeui-keshirdi-degen-tirik-bolyp-shy-ty-247602
Қазір барлық материалдар құқық қорғау органдарына жіберілген.
Қайтыс болған 20 жастағы қыздың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.