Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Қызтеке екен”. Қазақ қызын жеңді деген вьетнамдық ер бала болып шықты

Шығысқазақстандық Еркежан Дәулетжанқызы 57 келіге дейінгі салмақта алтын медаль иелену үшін шаршы алаңға шыққан. Оған дейін бұрымды боксшымыз Индонезия, Моңғолия, Жапония елдерінен келген спортшыларды тас-талқан етіп жеңді. Ал алтын жүлде сарапқа салынған кездесуде төрешілер барлық раундта басымдықты Вьетнам елінің өкіліне берді.

Артынан белгілі болғандай, ол жынысын ауыстырған ер бала болып шықты.

Қызтеке екенИә, шынымен де осындай оқиға болды. Еркежанның жаттықтырушысы Арман Тыныбаевтың айтуынша, вьетнамдық боксшы өткен жылдың қараша айында Үндістандағы әлем чемпионатында топ жарған. Сол жерде ол Жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарына жолдама иеленеді.

“Оның қимылы, күлгені, жұдырықтасу мәнері ер балаға қатты ұқсады”, – дейді Арман Тыныбаев.

Азия чемпионаты кезінде ол өзіне көп назар аудартты. Сайыс мәресіне жеткен соң, AIBA халықаралық бокс қауымдастығы секемденіп, одан ДНК сынамасын алған. Осылайша шындықтың беті ашылыпты.

Бапкердің айтуынша, жарыс біткен соң екі апта уақыт ішінде аяқ асты қуанышты хабар жетіпті. Мұны еліміздің қыздар құрамасының аға жаттықтырушысы Алмаз Қуатбеков айтқан екен. Енді жақын арада Еркежанға Жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарына жолдама берілетін болады!

“Естіген соң қатты қуандық, десе де таңғалмадық. Ол спортшыда гәп бары бәсеке басынан байқалды. Енді міне, мән-жай анықталып отыр.

Мені ең жабырқатқаны – марапаттау кезінде еліміздің байрағы көтеріліп, әнұранымыз шырқалуы тиіс еді. Бұлай болмады. Әр бапкер үшін шәкіртінің шыңнан көрінуі аса маңызды”, – деді жаттықтырушы.

Еліміздің бокс Федерациясы енді Азия Федерациясына сұрату жібереді. Осыдан барып, олар алтын медаль мен Аргентина жерінде өтетін Жасөспірімдер Олимпиада ойындарына жолдаманы берулері тиіс.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз