Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Қызметтік көлікті өз пайдасына жаратқан мемлекеттік қызметкерлер жазалана бастады

101

Қазіргі уақытта 20 факті анықталған, оның ішінде Солтүстік Қазақстан облсында 9, Маңғыстау облысында 4, Павлодар облысында 4 және Ақтөбе облысында 3 оқиға белгілі болды.

Мәселен, 6-мамырда сағат 01:15 шамасында Павлодар қаласында Бекқожин көшесі бойынша Павлодар ауданы әкімдігіне қарасты “Коммунсервис” кәсіпорнына тиесілі ToyotaCamry ГРНЗ 073 АЕ 14 автокөлігі тоқтатылыпты. 13-мамырда Маңғыстау облысында сағат 00:30 шамасында “539 FLA 12” мемлекеттік нөмірі бар ToyotaLandCruiser 200 көлігі көзге түсті. Құжаттарды тексеру барысында бұл көліктің “Әкімдік істерін басқару” мемлекеттік мекемесіне тиесілі екені анықталған.

Сондай-ақ, Ақтөбе облысында қала әкімі аппараты көлігінің, ал Солтүстік Қазақстан облысында орман шаруашылығы аумақтық инспекциясы көлігінің жұмыстан тыс уақытта пайдаланылғаны белгілі болды.

“Осы фактілер бойынша аталған мемлекеттік органдарға кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту бойынша шара қабылдау жөніндегі хаттар жіберілді. Бұл жұмыс барлық облыстарда азаматтық қоғам өкілдерін кеңінен тарту арқылы жалғасатын болады”, — деп атап өтті агенттіктегілер.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз